Әр аптаның дүйсенбі күні Қызылорда қаласы Полиция басқармасының ауласында саптық жиын өтеді.
Қызылорда қаласы Полиция басқармасы тәрбие және кадр жұмысы бөлімшесінің бастығы полиция капитаны Теңізбай Нұрбек Құрманбекұлы жеке құрамның қатысуымен саптық жиын өткізді.
Саптық жиын барысында, қызмет атқару кезінде, әрбір орын алынған құқық бұзушылықты анықтау барысында айғақ ретінде бейнежетондарды бұйрыққа сәйкес пайдалануды, оның дұрыс қолдану тәсілдеріне пысықтау жүргізілді. Сонымен қатар, сыбайлас жемқорлықтың алдын-алу бағытында оған жол бермеуге және заң талаптарына сәйкес қызмет атқаруға шақырды.
Қоғамдық тәртіпті сақтауға кірісетін полиция қызметкерлеріне қаладағы жедел жағдайдың жай-күйі туралы жеткізілді.
Іс-шара соңында полиция қызметкерлері қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету бағытындағы қызметтеріне кірісті.