Жемқорлық балалар көзімен

582

0

Қызылорда қаласында өткізілген мектеп оқушыларының сыбайлас жемқорлыққа қарсы суреттерінің көрмесін тамашалауға қаланың ең кішкентай тұрғындары келді.

Көрмеде орта мектептердің 5-9 сынып оқушыларының 50-ден астам жемқорлыққа қарсы үздік суреттері қойылды. Көрмені мектеп оқушылары мен балабақша бүлдіршендері тамашалап, сыбайлас жемқорлықтың зияндылықтары түсіндірілді.

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Қызылорда облысы бойынша департаментінің ұйымдастыруымен»1 маусым – Халықаралық балаларды қорғау күніне» орай өткізілген суреттер көрмесі сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманың қалыптасуының 20 жылдығына арналып отыр.

Көрмені ұйымдастырудың басты мақсаты – өскелең ұрпақтың бойында сыбайлас жемқорлыққа мүлдем төзбеушілікті және оған қарсы мәдениетті қалыптастыру.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<