Жемқорлықпен күреске «Адал ұрпақ» үлес қосуда

295

0

«Біз жемқорлықсыз қоғамды таңдаймыз» дейді қызылордалық «Адал ұрпақ» ерікті клубтарының жас өрендері. Осындай тақырыпта мектеп оқушыларының арасында сыбайлас жемқорлықтың кез-келген көріністеріне мүлдем төзбеушілік қағидатын қалыптастыру мақсатында облыстық тарихи-өлкетану музейінде іс-шара өтті.

«Адал ұрпақ» ерікті клуб мүшелері жемқорлыққа қарсы өздерінің өлеңдерін оқып, флешмобтар қойды. Музейге келушілер жас өрендердің өнерлерін тамашалады.

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Қызылорда облысы бойынша департаментінің бастамасымен облыстың 284 орта мектебінде құрылған «Адал ұрпақ» ерікті оқушылар клубтарында 15000 мүшесі бар.

Аталған клубтармен жыл басынан бері сыбайлас жемқорлыққа қарсы тақырыптарда 1000-нан астам іс-шара ұйымдастырылған.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<