Жемісті бастамалар жалғасын табады

204

0

Жерлесіміз, әлем чемпионатының күміс жүлдегері, былғары қолғап шебері Қамшыбек Қоңқабаев бокстан ұлттық құраманың капитаны болып тағайындалды. Сырдағы спорттың серпінді дамуы осыдан-ақ айқын көрінеді. Оған қоса, мүгедектерге арналған спорт клубы құрылса, ұлттық спорт түрлері клубы наурыз айынан бастап, чемпионатқа дайындықты бастайды. Бұл туралы  өңірлік коммуникациялар қызметіндегі брифингте сала мамандары мәлімдеді.

– Өткен жылды табысты қоры­тын­дылап отырмыз. 2017 жылы спортшыларымыз 700 медаль иеленсе, өткен жылы бұл сан 1500-ге жетті. Басты жаңалықтың тағы бірі – облыста мүгедектерге арналған спорт клубының ашылуы, – деді облыстық спорт және дене шынықтыру басқармасының басшысы Олжас Акимов.

Бұқаралық спортты дамыту бағытындағы бастамалар жеміссіз емес. Велошеру өткізу дәстүрге айналған. Елбасы тапсырмасына сәйкес елде спортпен тұрақты айналысатындардың көрсеткішін 30 процентке жеткізу мақсатында соңғы 3-4 жылдың көлемінде 9 спорт нысаны пайдалануға берілді. Әсіресе, шалғай елді мекендер бас­ты назарда. Орталық стадиондағы реконструкция жұ­мыстарының 60 проценті бітті. Ұлттық спорт түрлерін дамыту шаралары жал­ғасын таппақ. Клуб директоры Ғабит Махатаевтың айтуынша, бұл бағытта бюджеттен 75 млн теңге қаралған. Ал мүгедектерге арналған клубта спорттың 8 түрін дамыту үшін 65 млн теңге бөлінді.

Жиын соңында Қамшыбек Қоң­қабаев құрама капитаны ре­тінде ел сенімін ақтауға тырысатынын жеткізді. Мүгедектерге арналған спорт клубының директоры Эрик Қасқабаев та алдағы уақытта бұл бас­тама өз нәтижесін беретінін айтты.

Дәулет ҚЫРДАН.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<