Жеңілдетілген автонесие беруді қаңтардың соңына дейін бастаймыз – министр

389

0

Фото ашық дереккөзден

Ай соңына дейін жеңілдетілген автонесие бағдарламасы қайта іске қосылады. Бұл туралы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Марат Қарабаев мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Өткен жылы наурызда автонесие сомасы 10 миллион теңгеге дейін деп белгіленді. Ал автокөлік құны 15 миллион теңгеден аспауы керек. Халыққа қолжетімді болу үшін бағдарламада қымбат көліктер қарастырылмаған. Автонесие бағдарламасын айдың соңына дейін бастаймыз. Осы аптада өнеркәсіпті дамыту қоры баспасөз мәслихатын өткізеді, сонда толық ақпарат беріледі. Бұл жерде бағдарламаның механизмін қайта қарау мәселесі тұр. Бұған дейін клиенттер алдымен автосалонға жүгініп, содан соң банкке баратын. Өнеркәсіпті дамыту қоры басқа тетікті ұсынып отыр», – деді Марат Қарабаев Үкіметтің кулуарында БАҚ өкілдерінің сауалына жауап бере отырып.

Ведомство басшысының айтуынша, қайта іске қосылатын бағдарламадағы жаңашылдықтың бірі электронды кезек болады.

Еске салсақ, ҚР Премьер-Министрінің бірінші орынбасары Роман Скляр жеңілдетілген автонесиенің неге қайта жанданбай жатқанын түсіндірген еді.

Фото ашық дереккөзден

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<