«Жеңіс жолдары»

406

0

3 мамыр күні Ә.Тәжібаев атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапханасында  Ұлы Жеңіс мерекесіне арналған «Жеңіс жолдары» атты сурет көрмесі  ұйымдастырды.
Өскелең ұрпақтың жан- жақты дамуын жетілдіру, Ұлы Отан соғысы жайлы әдебиеттерге қызығушылығын арттыру мақсатында өткізілген  шараға кітапхананың оқырмандары қатысты.
Балалардың Ұлы Отан соғысында жауынгерлердің ерліктерімен, батырлығын бейнелейтін әдебиеттерден алған әсерлері жайлы   өз туындыларын  ұсынды.
Көрермендер назарына 5-16 жас аралығындағы  жас суретшілердің 50-ден астам  жұмыстары ұсынылды. Сурет көрмесімен оқушылар, балабақша тәрбиеленушілері мен  кітапхана оқырмандары танысты.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<