Жол құрылысы – жауапты міндет

302

0

ҚР Премьер-министрі Әлихан Смайыловтың төрағалығымен Президенттің сайлауалды бағдарламасын іске асыру жөніндегі республикалық штаб отырысы өтті.

Онда 8 мың шақырым республикалық, 14 мың шақырым облыстық және аудандық маңызы бар автожолдарды сапалы салу мен жаңғырту мәселелері қаралды.

ҚР Көлік министрі Марат Қарабаев баяндама жасап,
▪️ «Батыс Еуропа – Батыс Қытай» халықаралық дәлізіндегі ұзындығы 1 363 шақырым «Ресей Федерациясы – Мәртөк-Ақтөбе-Ұлғайсын – Қызылорда» автожол учаскесін 4 жолақты қозғалысы бар I техникалық санатқа ауыстыру үшін жобалық – сметалық құжаттамаларын әзірлеу жұмыстары басталды. Бұл ретте Қорғас пен Қызылорда қаласына дейінгі жол 4 жолақты болып қозғалыс барысында ауыстырылғанын атап өтті.

▪️Министр айтқан тағы бір маңызды жоба- ұзындығы 513 шақырым «Қарағанды – Жезқазған» автожолын қайта жаңғырту.
» Бұл учаске «Қызылорда-Жезқазған-Қарағанды-Павлодар» дәлізіне кіреді. «Қызылорда-Жезқазған» учаскесінің Қызылорда облысы аумағында қарқынды жұмыс жүргізілуде», – деді министр.
Үкімет басшысы күн тәртібіндегі мәселе бойынша ведомство басшылары мен өңір әкімдеріне бірқатар тапсырма берді.

▪️Жиыннан соң облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаев Үкімет басшысының тапсырмаларын орындау жөнінде мәжіліс өткізді. Өткен жылы облыс бойынша жолдардың жақсы және қанағаттанарлық деңгейі 82 пайызға жеткізілген. Биыл бұл көрсеткішті 87,5 пайызға жеткізу керек.

«Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Жолдауында жергілікті жолдарды жақсартуды және олардың сапасына ерекше мән беруді атап көрсетті. Бұл тұрғыда Үкіметке нақты тапсырмалар берді. «Қызылорда-Жезқазған» жолын жаңғырту – Президенттің тікелей бақылауындағы және тұрғындар үшін түйткілді мәселелердің бірі. Аудандарға сапарларым барысында жиі көтерілетін болғандықтан, оған ерекше мән берудеміз. Мемлекет басшысының қабылдауында болғанда, Премьер-министрдің өңірге сапары барысында айтып, ұсынысымыз қолдау тапты», – деді аймақ басшысы.

Жиын қорытындысымен Қызылорда облысының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасына Қызылорда қаласы және аудан әкімдіктерімен бірлесіп биылға жоспарланған жобалардың толық және мерзімінде жүзеге асырылуын бақылауға алу тапсырылды.

Қызылорда облысы әкімінің баспасөз қызметі

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<