Жолаушыларға көмек көрсетілді

211

0

Қызылордада көктайғақ салдарынан 15 жолаушысы бар бағдарлық автобус аударылып қалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Аталмыш оқыс жағдай облыс орталығынан қалаға қарасты Талсуат елді мекеніне барар жолда орын алды. «Автобуста болған 15 жолаушыға медициналық мекемеде алғашқы дәрігерлік көмек көрсетілді. Олардың біреуі ауруханаға жатқызылды», – деп хабарлайды Қызылорда облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі.
Сондай-ақ, кеше көктайғақ салдарынан қала іргесіндегі Белкөлден Қызылордаға бет алып келе жатқан КаМАЗ көлігі Жаппасбай батыр мен Сұлтан Бейбарыс көшелері қиылысындағы көпір астындағы темір қоршауға соғылды. Көлік жүргізушісі қалалық ауруханаға жеткізілді.
 Фото: www.instagram.com/zellokyzylorda

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<