Жоспарлы көрсеткіштер 100 пайызға орындалуы тиіс

617

0

Фото: Арал ауданы

Кеше аудан әкімі Аманжол Оңғарбаевтың төрағалығымен 2024 жылғы қаңтар-ақпан айындағы әлеуметтік-экономикалық даму және бюджеттің атқарылу қорытындылары талқыланған мәжіліс өткізілді.

Жиында аудан басшысы жыл басынан бері ауданда макроэкономикалық көрсеткіштердің оң динамика қалыптасқанын айтып, жыл көлемінде жоспарлы көрсеткіштерді 100 пайызға орындауды тапсырды.

«2024 жылдың екі айында өңдеу өнеркәсібі саласында 4,1 млрд теңгенің өнімі өндіріліп, 22,2%-ға артқан. Бірінші тоқсанның қорытындысымен 5,3 млрд теңгеден асатын өнім өндірілуі қажет. Бюджеттік бағдарлама әкімшілері, 2024 қаржы жылының ай сайынғы жоспарланған барлық қаражаттарын 100 пайыз толығымен игеруді қамтамасыз етіңіздер. Мұнымен қатар, жылдың басында бекітілген барлық көрсеткіштерді жоспарлы толықтай орындап шығуымыз керек. Бізде ауданда орындалмай қалған көрсеткіштер болмауы тиіс» – деді аудан басшысы.

Сондай-ақ жиында облыс әкімінің тапсырмасына сәйкес «Қатты тұрмыстық қалдықтарды қайта өңдеу» мәселесі қаралып, бюджет қаржысы бірінші кезекте халыққа қажетті деген жобаларға бағытталу керектігін ескере отырып, қатты-тұрмыстық қалдықтар полигонын салу жобаларын демеушілер есебінен жүзеге асыру міндеттелді. Мұнымен қоса, Арал қаласы мен елді мекендердегі тазалық мәселесін ұдайы бақылауда ұстап, сенбілік шараларын өз деңгейінде жүргізу тапсырылды. Сонымен қатар, жергілікті тұрғындардың тұтынуы нәтижесінде құралған қоқыстарын арнайы белгіленген жерге жеткізбей, салдарынан аумақтардың ластануына орай қоқыс тастауға арналған орындарға сыртқы қоршау салу жұмыстарын үйлестіруді жүктеді.

Бұдан бөлек, мәжілісте мал қорымдарының қазіргі жай-күйі мен Мемлекет басшысының бекіткен арнайы тұжырымдамасына сай Ұлыстың Ұлы күні – Наурыз мерекесін атап өту туралы дайындық шаралары пысықталды.

Арал ауданы әкімдігі

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<