Журналистер клубы семинар-тренинг өткізді

581

0

Фото: Қызылорда ассамблея

Қызылорда облыстық ҚХА жанындағы Журналистер мен сарапшылар клубының ұйымдастыруымен «Медиасауаттылық – заман талабы» тақырыбында семинар-тренинг өтті. Семинарға Қорқыт Ата атындағы Қызылорда университетінің Журналистика мамандығы бойынша білім алып жүрген 15 студент қатысты. Тренингтің мақсаты – журналистердің медиасауаттылықты, толеранттылықты нығайтуға атсалысуына ықпал ету және мамандықтарына пайдасы тиер әдістемелік нұсқаулар мен бағыт-бағдар беру.

Семинарда Қызылорда облыстық қоғамдық даму басқармасы «Қоғамдық келісім» КММ директорының орынбасары Айбек Дайрабай және Журналистер мен сарапшылар клубының төрағасы Елена Рыбина және Назарбаев Зияткерлік мектебінің қазақ тілі пәнінің мұғалімі Гүлзат Шынтасова өз еңбек жолындағы тәжірибелерімен және Қазақстан халқы Ассамблеясының негізгі бағыттары, мақсат, міндеті туралы, этножурналистика, ақпараттық қауіпсіздік, ел бірлігі, медиасауаттылық тақырыптары бойынша тағылымды ақпараттармен бөлісті.

«Қоғамдық келісім» КММ директорының орынбасары Айбек Дайрабай облысытық ҚХА жанындағы Журналистер клубының атқарған жұмысы туралы айтып, алдағы жоспарлармен де бөлісті.

«Өңірлік Журналистер клубының этножурналистканы дамыту бағытында жұмыс жоспары әзірленіп, қарқынды түрде жүзеге асырылмақшы. Солардың ішінде семинар-тренингтер, «Quiz» ойындар ойнату, шығармашылық байқаулар мен тимбилдинг ұйымдастыруды көздеп отырмыз. Яғни этножурналистердің қатарын көбейтіп, олардың шеберлігін шыңдай түсуге ықпал етуіміз керек», -деді.

Клуб төрағасы Елена Рыбина мен НЗМ қазақ тілі пәнінің мұғалімі Гүлзат Шынтасова студенттерге тақырыпқа сай ойындар ойнатып, медиасауаттылық және оның өзектілігі жайлы айтып өтті.

Сондай-ақ, интерактивті әдістерді пайдалана отырып, ақпараттың әсерін анықтау, бұқаралық ақпарат құралдарын тұтыну, ақпараттық соғыстар мен қауіпсіздік, ақпаратты растау үшін пайдаланылатын құралдармен жұмыс істеу мәселелері айтылды. Семинар барысында студенттер тест түрінде сұрақтарға жауап беріп, «Кімге сенеміз?, «Кімге сенбейміз?», Ақпарат пен фотоны тексеру, «Екі факт, бір фейк», «Информатор», «Жаңалық жаршысы» ойындарын ойнады. Қатысушылар пікірталас пен сергіту сәтінде де белсенділік танытып, пайдалы ақпар алды.

Шара соңында семинар-тренингке белсенді қатысқан барлық студенттерге «Қоғамдық келісім» КММ директоры Бақытжан Камаловтың атынан арнайы сертификаттар табысталды.

«Қоғамдық келісім» КММ баспасөз қызметі

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<