Жылыту маусымы қалыпты деңгейде өтті

5

0

Жөндеу науқаны аясында 10 энергия блогы, 63 қазандық және 39 турбинаға күрделі жөндеу жүргізілді. Сондай-ақ 17 мың шақырым электр беру желісі, 420 қосалқы станция жөнделіп, 323 шақырым жылу желісі ауыстырылды.

«Өткен жылыту маусымының қорытындысы бойынша тозу деңгейінің электр станцияларында 53%-ға дейін, электр желілерінде 66,2%-ға дейін, жылу желілерінде 50%-ға дейін төмендеуі тіркелді. Сонымен қатар электр желілеріндегі технологиялық бұзушылықтар саны 12%-ға, ал электр станцияларында 15%-ға қысқарды. Жылу көздерінде температуралық кестенің сақталмау жағдайлары үш есеге азайды», – деді ҚР ЭМ Мемлекеттік энергетикалық қадағалау және бақылау комитетінің төрағасы Ержан Ертаев ОКҚ алаңында өткен баспасөз конференциясында.