САПАСЫ ЖАҚСЫ АЯҚ КИІМ ТАҢДАУ

САПАСЫ ЖАҚСЫ АЯҚ КИІМ ТАҢДАУ

Қысқы аяқ киімнің өз ерекшеліктері бар. Біріміз аяқ тоңбайтынын, енді бірі сәніне, яғни сыртқы келбетіне қарап, тағы біріміз сапасын тексеріп жатамыз. Теріден жасалған аяқ киім ауа өткізіп тұратындықтан, қан айналымын тұрақты ұстайды екен. Демек, ыстықта терлемейді, суықта тоңбайды. Аяқ киімнің тігісіне де мән берген жөн. Тігісі жатыңқы бір тегіс болуына назар салыңыз. Бұл кішкентай балақайлардың ата-анасына айтыл¬ған бірер ке¬ңес. Ал ересектер аяқ киім сатып аларда нені ес¬керген жөн? 
ТАНЫМ 21 ақпан 2017 г. 420 0
ЖАПОНИЯДАҒЫ БАЛА ТӘРБИЕСІНІҢ СЫРЛАРЫ

ЖАПОНИЯДАҒЫ БАЛА ТӘРБИЕСІНІҢ СЫРЛАРЫ

Жапондықтар бала тәрбиесіне аса назар аударады. Олар «Ел боламын десең, бесігіңді түзе» деген нақыл сөздің шындық екенін өздерінің ерекше тәлім-тәрбие беру тәсілдерімен дәлелдеуде. Мұнда бала туылған бойдан анасы оны көкірегіне не арқасына арнайы орамалмен байлап, үнемі қасына алып жүреді. Бұған қоса, өзінің не істеп жатқанын, ойларын, сезімдерін, эмоцияларын бала еститіндей дауыстап айтып жүреді. Бұл тәсіл баланың ойлау жүйесінің тез дамып, қоршаған ортаға бой үйретуге баулиды. Сол себепті бұл елде бала алдымен сөйлеп, содан соң барып жүруі жиі кездеседі.
ТАНЫМ 21 ақпан 2017 г. 395 0
ЕРГЕ АЙБАТ БЕРГЕН АЙЫРҚАЛПАҚ

ЕРГЕ АЙБАТ БЕРГЕН АЙЫРҚАЛПАҚ

Облыстық тарихи-өлкетану  музейінің этнографиялық коллекциясы аса бай. Бұл коллекцияда қазақтың ұлттық киімдері, үй жиһазы, зергерлік әшекей бұйымдар, облыста тұратын халықтардың киім-кешектері, тұрмыстық бұйымдары бар. Оған қоса нумизматикалық коллекция, сондай-ақ, геральдикалық белгілер сақтаулы. 
ТАНЫМ 21 ақпан 2017 г. 182 0
ҚОШҚАР МҮЙІЗДІ ДИІРМЕН

ҚОШҚАР МҮЙІЗДІ ДИІРМЕН

Шамамен Х-ХІІІ ғасырға тиесілі диірмен Арал теңізінің кепкен табанынан табылған. Ата-бабаларымыз тас үгіту мақсатында қолданған көне дүниенің үстіңгі беті мұқият өңделіп, қошқар мүйізді оюмен безендіріліпті. Ою-өрнек қошқар мүйіз бейнесінің басқа да геометриялық кескіндермен үйлесуімен ерекшеленеді. 
ТАНЫМ 21 ақпан 2017 г. 276 0
БАРСАКЕЛМЕС ҚОРЫҒЫ

БАРСАКЕЛМЕС ҚОРЫҒЫ

1991 жылғы мәліметтер бойынша Қазақстан Республикасында 7 қорық ғана жұмыс жүргізген. Тәуелсіздік алған жылдан бастап  Елімізде  табиғатқа ерекше көңіл аударыла бастады. Алыс-жақын шет елдердің тәжірибесін пайдалана отырып еліміздегі «Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар» түрлері көбейе бастады. Ұлттық табиғи парктер мен мемлекеттік табиғи резерваттар түсінігі кіргізіле бастады. «Ерекше қорғалатын табиғи аумақ дегеніміз – табиғат қорғау және ғылыми мекеме мәртебесі бар, өзінің аумағындағы табиғи процестер мен құбылыстардың табиғи барысын, өсімдіктер мен жануарлар дүниесі объектілерін, өсімдіктер мен жануарлардың жекелеген түрлері мен қауымдастарын, әдеттегі және бірегей экологиялық жүйелерді сақтау мен зерделеу және оларды қалпына келтіруге арналған табиғи аумақтар болып табылады.
ТАНЫМ 10 ақпан 2017 г. 547 0
АЛҒАШҚЫ АСТАНА

АЛҒАШҚЫ АСТАНА

Елбасының бастамасымен жүзеге асырылған «Мәдени мұра» бағдарламасы рухани жаңаруға бет алған елдің өркениетті үлгісін танытты. Бағдарлама аясында Қызылорда қаласының тарихы жөніндегі құжаттарды іздестіру, көшірмелерін иелікке алу үшін ТМД елдерінің орталық мемлекеттік архивтеріне іс-сапарлар ұйымдастырылып, облыстың мемлекеттік архив қоры құнды құжаттармен толықты. Енді Қызылорданың Қазақ елінің астанасы болғаны туралы деректерді келтірсек.
ТАНЫМ 09 ақпан 2017 г. 308 0

Италияда қарындасымыз тұрады

«Сыр бойы» газетінің 2016 жылғы 24 желтоқсандағы №195-196 санында қазақтан шыққан тұңғыш ұшқыш Жолдасбек Нұрымов пен тұңғыш биші Шара Жиенқұлова жайлы «Тоғысқан тұңғыштар тағдыры» деген мақалам жарық көрді.
ТАНЫМ 24 қаңтар 2017 г. 1 600 0
КҮШ АТАСЫ

КҮШ АТАСЫ

Кеңестік кезеңде «райкомда» жауапты қызмет атқарған Өмірзақ Ахметов тоқсанның төріне табан тіреген тұста Қазалыға арнайы іздеп барған едім. Ақсақалмен емен-жарқын әңгіме өрбітіп, азды-көпті тақырыптарға ой жібердік. «Ерніңді жібіткен жарың, қойныңды жылытқан жарың» дейтін қосағым ертерек кетті, әйтсе де жағдайды жасаған келін, жұмсағанда тіл¬алғыш немерелер бар. Соған шүкіршілік етіп отырмын» деп қойды қария.  Іле: – Қазір адамның тілі мен құдайдың тілі тең емес. Тәңір әрдайым төре тұруы тиіс. Ал, Құранның қасиеті – қоспасы жоқ, тәңір тілі еш өзгеріссіз келеді. Әдет-ғұрып, дәстүр, насихат, тәрбие – ұлттық идеологияның жемісі, бірақ ол мемлекеттік маңыздан мөлшері төмен түспеу керек. Ұлы Отан соғысы жүріп жатқанда бір ауыз орысша білмейміз. Сонда да болса, қатардағы солдаттан дивизия командиріне дейін көтерілдім. Адамға бір-ақ өлім бар, ол жау оғынан ба, әлде Алланың әмірінен бе, ешкім дөп басып айта алмайды. Бірақ адам өлім үшін емес, намыс үшін тырысып алға ұмтылады.
ТАНЫМ 14 қаңтар 2017 г. 1 963 0
Жасаруға жаны құмар жапондар

Жасаруға жаны құмар жапондар

Осы жапондардың ойлап таппайтыны жоқ.  Жасарудың сырын ашуға талпынғандардың арасында оқ бойы озық тұрған да осы күншығыс елінің ғалымдары. Бұдан біраз уақыт бұрын жапон ғалымдары ұлудан адамды жасартатын, ағзаны сауықтыруда жәрдемі тиетін дәрі-дәрмек жасап шығарған еді. Енді олар ұлудан дәрі ғана емес, косметикалық сұйықтықтық жасауды қолға алып, оны тәжірибеге енгізіпті.
ТАНЫМ 14 қаңтар 2017 г. 549 0
2017 жылға жарты ғасыр бұрынғы болжам

2017 жылға жарты ғасыр бұрынғы болжам

Сексенінші жылдардың балаларына диафильм деген дүние таңсық емес. Мектепте мұғалімдеріміз көрнекі құрал ретінде пайдаланатын, қазіргі тілмен айтқанда, түрлі слайдтар көрсететін құрылғы естеріңізде шығар. Терезені қараңғылап, диафильмді ақпен боялған қабырғаға бағыттаған соң, аздап қозғалып тұратын бейнекөріністер пайда болатын. Тәптіштеп түсіндіріп отырғаным, заманауи озық технологияны шемішкедей шағатын қазіргі заманның балаларына ұғынықты болсын деген ниет. 
ТАНЫМ 07 қаңтар 2017 г. 966 0