Көп сыр бар-ау сендерде…
Сендерді осы бір тірі жан
жеңген бе?!
Ашуларың кейде қатты,
Япырай,
Ешбір амал таба алмаймыз
«емдеуге»
Ашулансам,
«Алыстан орап» алдайсың…
Басылмасам,
Арпалысып, арбайсың…
«Әй, қатын!» десем,
«Қатып қал!» – деп қарғайсың…
Қарғайсың да,
Әріге бірақ бармайсың.
Бармайсың,
Бірақ,
Бар жағымды барлайсың…
Барлайсың да,
«Компр» іздеп шарлайсың…
Шарлайсың да,
Шалдығып тым шаршайсың.
Екі араға қажет емес «елшілік!»
Мойындаймыз,
Бізде де бар кемшілік…
«Майдан» күні «мә» деп берсек
қымбат сый,
Қас қағымда жасайсыңдар
кеңшілік…
Сендерсіңдер тіршіліктің тірегі,
Бұны әлем,
Бұны бәрі біледі.
Сендер аман болыңдаршы,
АНАЛАР,
Міне, осы тек адамзат тілегі!
Мерекелеріңізбен, аяулы
АНАЛАР, АРУЛАР!
Қазыбек ӘШІРБЕКҰЛЫ
>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<