Әйеліне айыппұл салған «гаишник»

1338

0

Тәжікстанда ғана емес, ол – бүкіл СССР бойынша «мұрты ең ұзын гаишник» ретінде танылды. Жол ережесін бұзған жүргізушілерге айыппұл салғанда оған ренжімейтін, қайта «бұл жақсы ырым» деп есептейтін. Молда Нұров (Мулла Нуров) туралы әлі күнге дейін неше түрлі аңыздар айтылады, ол республика басшыларының біріне жол ережесін бұзғаны үшін айыппұл салғаны, тіпті өзінің әйеліне де айыппұл салғанын жыр қылып айтады.

Майор Молда Нұров туралы не айтса да, тіпті айтқыштар қосып айтса да шындық деп есептейді. Халық оны қолы мен ары таза милиция офицері, өмірінің сонына дейін антына адал болып кеткендігін біледі.Атақты МАИ инспекторы Молда Нұров 1936 жылы 8 наурызда шағын қышылақта дүниеге келді. Азан шақырып қойған есімі Ермахад, Құранды 8 жасынан бастап жаттап алып айтқандықтан Молда деп атап кеткен, кейін паспорт алғанда осы атымен жазылып кеткен. Кішкентай кезінен еңбекқор болып өсті, қасапханада істейтін әкесіне көмекші болды. Мектеп бітіргесін ДОССАФ-қа қарасты автомектепте оқып, жүргізуші куәлігін алды. Отан алдындағы борышын Байқоңыр (ол кезде Ленинск) қаласында құпия ұшу нысанында жүргізуші болып атқарды. Кейін қоғамдағы жариялылыққа байланысты, бәрі айтыла бастағанда Байқоңырда болғанда совет ракета құрылысының бас конструкторы С.П.Королевтің жүргізушісі болғандығын айтты. Армиядан келгесін «Таджикматлубот» кәсіпорнынына жүргізуші болып жұмысқа тұрды. Бірде, іс-сапарда жүргенде МАИ инспекторы тоқтатып, жол ережесін бұзбаса да, айыппұл салып жіберуі өмірін күрт өзгертіп жіберді.

Молда Нұровтың МАИ қызметкері болуға бар құжаты сәйкес келгенмен бойы аласа болғандықтан алынбайтының айтқанда: «Сіздер маған мүмкіндік беріңіздерші, кішкентай ағаттық жіберсем, өзім-ақ шығып кетемін»-деп құлшынып тұрған жас жігерлі жігітке сенім көрсетіп органға қабылдайды. Осылайша, тәжіктердің астанасы Душанбе (бұрынғы Сталинобад) қаласындағы көшелерде СССР-дегі ең адал «гаишник» пайда болды. Енді инспектор Молданың атақты мұртына келейін. Бастапқыда басқармадағы бастықтары оның мұртына тиісіп «убрать мусор под носом» деп бұйрық бергесін, амалсыз бірде қырып, бірде өсіріп жүрді. М.Нұровтың адал «гаишник» екені белгілі бола бастаған уақыт еді. Бірде, өзін таныстырып болып, айыппұл салғанда жүргізуші күңкілдеп: «мен айыппұлды сіз Нұровпын деп өтірік таныстырмасаңыз да төлеймін ғой. Мені инспектор Нұровты танымайды дейсіз бе? Оның мұрты бар ғой» дегенде қызметтік куәлігін көрсетеді де, енді мұртымды қырмаймын деп іштей өзіне серт береді. Молданың мұрты бұл ұлттық бренд екенің білген басшылар да мазаламайтын болды.

Инспектор Нұровтың мас жүргізушілерді тексермей-ақ машинаны жүргізуінен білетін ерекше қабілеті болды, оған күмәнданған қызметтестері бірде бәстеседі. Бір кезекшілік аусымында 3 ішкен жүргізушіні көлікті жүргізуіне қарай тоқтатқанда, үшеуі де рулге ішіп алып отырғаны анықталғанда, бәстескен қызметтестері екі қолдарын жоғары көтеріп жеңілгендерін мойындады. МАИ-да қызмет істеген 33 жылында, ол 14 мың мас жүргізушіні анықтап айыппұл салған екен, бұл рекордтық көрсеткішті СССР және қазіргі кезде ешкім қайталамаған екен. Оның адалдығына бәрі сенетін. Үлкен ұлы Анвар мынадай жағдайды айтты, әкесі қызметін атқарып келіп дастарханға отырайын деп жатқанда телефонмен аэропорт жақта жол көлік оқиғасы болып, жүргізушінің хаттамаға қол қоймай, инспектор Нұровтың келуін талап етіп отырғанын ести сала сол жерге дереу барады. Жол көлік оқиғасына кінәлі ірі фабрика директоры болып, бар кінәні жас жүргізушінің мойнына ілмекші болып хаттама толтырып қойыпты, сол жерде әділдікті дереу орнатып қызметтестері басқа хаттама толтыруға мәжбүр болды.

Енді, өзінің әйеліне қалай айыппұл салған қызықты айтайын, бұл туралы ұлы Анвар: «Мамам жұмысқа асығып бара жатырып, көшенің жаяу жүргіншілерге өтуге болмайтын жерден өтіп кеткенде, әкем ысқырықпен тоқтатып, шешемнін қарсылық білдіргеніне қарамастан айыппұл салады. Үйге келгесін де сөйлеспей жүреді, әкем үшін қызмет бабында «өзім» және «өзге» деген түсінік жоқ екенің біліп, екі күнен кейін қайтадан сөйлесіп кетті» деп еске алады.

Одан кейінгі жағдайды бәріміз білеміз, көз алдымызда СССР тарап кеткесін барлық ірі қалаларда криминалдық жағдай қалыптасты, бопсалаушылар (рэкет) бас көтеріп, берекетсіздік белең алды. Бір кездегі қонақжайлығымен аты шыққан ел астанасы Душанбеде криминалды топтар арасында табыс түсіретін нысандар үшін атыс болуы қалыпты жағдайға айналды. Заман өзгерді, ары мен қолы таза адамдардың орнына «қулығына құрық бойламайтын» адамдар келе бастады. Осыны білген туған туыстары «Молдаға жасын келіп тұр, отставкаға шық» дей бастады, күн сайын жұмыстан ұңжығасы түсіп келетін болды, сондай күндердің бірінде оңашада әйеліне: «Мен қызметімнен қалай кетем, өз балаларымдай қарамағымда 33 балам бар ғой» деді. Кезінде мас болып рульге отырғаны үшін айыппұл салғандардың ішінде қылмыстық әлемнің серкелері де бар еді, солардың тарапынан талай қоқан-лоқы көрсе де, алған бетінен қайтқан жоқ. Алайда «аңдыған жау алмай қоймас» дегендей, 1992 жылдың 2-ші желтоқсанында қызметінен оралған жоқ. Ертеңіне қала сыртында өзінің қызметтік автокөлігінде өлі денесі табылды, қала сыртына қашқан болып, алдынан күтіп алғаны анықталды. Табельді қаруын алмай кеткеніне қарағанда өзін аңдып жүрген дұшпандары екені белгілі болғанмен, қылмыс ашылмай қалды.

СССР бойынша кезінде «мұрты ең ұзын және ең адал гаишник» деп жарыса жазған «Правда» мен «Известия» газеттерінен бастап барлығы, МАИ инспекторы майор Молда Нұровтың қаза тапқанын жазуы халықтың ашу-ызасын тудырды. 1994 жылдан бастап республика ішкі істер министрлігі қаза тапқан күніне байланысты үздік МАИ инспекторларына М.Нұров атындағы медаль табыс етіледі.

СССР бойынша № 1 «гаишник» атанған ол балаларына ақша жинақ кітапшасын, автокөлік немесе жақсы үй қалдырған жоқ, артында адал азамат ретінде атын ғана қалдырып кетті. Ұл-қыздары Максуда, Мавджуда, Анвар, Малохат, Мохира, Саехаттың барлығы жоғары білім алып әр салада әкесі сияқты халқына адал қызмет етуде. Жылда әкесі қаза тапқан күні, ақын Тұрсынзада атындағы көшедегі қара шаңырақта бас қосып әкесіне Құран аяттарын бағыштайды. Адам ұрпағымен мың жасайды деген осы шығар…

Бақытжан Абдул-Түменбаев

тарихшы,

журналист-дайджест.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<