Байқауға қатысып, жүлделі болыңыз

759

0

Биыл жыр алыбы, өлең сөздің дүлдүлі Жамбыл Жабаевтың туғанына 175 жыл. Ұлы дарын иесінің мұраларын бүгінгі ұрпаққа насихаттау мақсатында 26-27 ақпан күндері Ә.Тәжібаев атындағы әмбебап кітапханасында «Жыры әлемді шарлаған-Жамбыл» атты кітап көрмесі және «Жүз жасаған бәйтерек» атты облыстық онлайн эссе жазу байқауы өтеді.

Сонымен бірге, «Әлемге аян жырлары» дәстүрлі орындаушылардың концерті, «Жырлансын Жамбыл жырлары» атты жыр кеші ұйымдастырылып, Жамбыл жырлары Сыр мақамдары арқылы насихатталатын болады.

Жыл көлемінде облыс мәдениет ұйымдарында ғасыр жасаған тұлғаны дәріптеуге арналған «Жамбыл – ғасыр ақыны», «Жүз жыл жырлаған жүрек», «Ұлы дала Жамбылы» тақырыптарында жазба ақындар мүшәйрасы, әдеби кештер, кітап көрмелері т.б. танымдық шаралармен жалғасын табады.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<