Құдайдан сұрайықшы….

499

0

Кірпігіне  заманның  шық  тұнып  тұр,
Қажет  емес  дəл  қазір  мықтылық  құр.
Асып-тасып  баратқан  пендесіне,
Алла  өзінің  барлығын   ұқтырып  тұр.
Жатырмыз  ғой  өткізіп  өліараны,
Қалың  ойда  ғаламның  көп  адамы.
Құдай  қаһар  төгердей  адамзаттың,
Кетті ме  екен  көбейіп  күнəлары.
Дұғаменен  қарсы  алып  таңды  жарық,
Тəубемізге  таянып  қалдық  анық.
Кеше  көзге  ілмеген  көршімізден,
Бүгін  жылы  шыраймен  хал  сұрадық.
Күші  кетіп  жердегі  бар  мықтының,
Құлшылық  қып  құдайға  қалдық  бүгін.
Шариғаттың  жолынан  шалт  бұрылмай,
Дəл  осылай  өтсе  екен  барлық  күнің.
Ана-жерді  мекендеп   тұрған  адам,
Бас шығарып  бір  жеңнен, бір  жағадан.
Қолды  жайып  құдайдан  сұрайықшы,
Қалсыншы  деп  АДАМның  ұрпағы  аман!
Қалсыншы  деп  АДАМның  ұрпағы  аман !

Ақшагүл  Төлегенова
Кенимех-Өзбекстан
 5-сәуір 2020 жыл

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<