«Кәдімгі Әділ Ботпанов!»

2663

0

«Біздің қатарымызда менімен шендесетін жалғыз ғана ақын бар, ол – Нұржан», – деп шалқитын Әділ Ботпанов. Көк түтін арасында сығырайған көз бен қисайған езу нервімізге тисе де, амалсыз тыңдаушы едік.

… Телефоным тыңқ ете қалды. «Бауке, сенде мына сурет бар ма?» – депті Нұржан. «Кәдімгі Сәбит Мұқанов» дегендей, кәдімгі Әділ Ботпанов. Біздің санамызда дәл осы қалпында сақталып қалды ол. 1990 жылы түскен екен. Нұржанға сыйлапты. Қуантайдың ұлы архивін ақтарып отырып, тауып алған. Маған жіберіпті. Мен сіздерге ұсынып отырмын.

(Бауыржан Бабажанұлының фб парақшасынан,

13 қаңтар, 2021 жыл)

 Барша қазақ білетін Әділ Ботпановтың «Өмірзая» («Қазығұрт» баспасы, 2012 жыл) атты кітабынан «Ғажайып едің» атты өлеңін ұсынамыз. 

Ғажайып едің

Ғажайып едің,

Ғажап ең, еркем, сен неткен?!

Кеудемнен асау ағынын жырдың селдеткен!

Жанымды менің тамаша күй боп тербеткен,

Ғажайып едің,

Ғажап ең, еркем, сен неткен?!

Ғажайып едің,

Ғажап ең, еркем, сен неткен?!

Көңілімді бір самғатып көкке өрлеткен!

Бақытты еткен тапқызбай тұрақ жер-көктен,

Ғажайып едің,

Ғажап ең, еркем, сен неткен?!

Ғажайып едің,

Ғажап ең, еркем, сен неткен?!

Сағыныш болып,

Көзімнің жасын көлдеткен!

Бір зарықтырған,

Бір қамықтырған,

Шөлдеткен,

Ғажайып едің,

Ғажап ең, еркем, сен неткен?!

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<