Кітапханаға Сансызбай Құттыбаевтың кітаптары тарту етілді

1662

0

Бүгін Арал аудандық орталық кітапханаға белгілі ақын, Арал қаласының тумасы Сансызбай Құттыбаевтың бірнеше кітабы сыйға тартылды.

Аудандық орталық кітапхананың оқырманы, зейнеткер, Арал ауданының жоғары санатты құрылыс- инженері , ақынның бауыры Аташбаев Қуантқан аға ақынның жеті кітабын кітапхана қорына өз атынан сыйға тартып, Сансызбай Құттыбаевтың өмірі мен шығармашылығы туралы мәліметтермен бөлісті. Сансызбай Құттыбаев- 1947 жылы 25 мамырда Қызылорда облысы, Арал ауданының Құланды елді мекенінде туған, 2020 жылы 17 шілдеде Алматы қаласында дүниеден озды.

Белгілі ақын, мемлекет және қоғам қайраткері, техника ғылымының кандидаты, Петербургтағы Халықаралық көлік академиясының Академигі, ҚР Ұлттық аграрлық университетінің құрметті профессоры, Қазақстан Жазушылар Одағының мүшесі, «Халықтың сүйіктісі» Ұлттық сыйлығының лауреаты, Арал ауданының құрметті азаматы.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<