Мың алғыс

43

0

Ақ қардай халаты бар,

Адалдық ар, анты бар. 

Аяулы дәрігерлер,

Дертіңе  ара тұрар. 

Ерекше емі берген,

Еңбегін  елі  көрген.

Жолынан шуақ шашып, 

Қолынан өмір өрген.

Темірдей  төзімдері,

Өжеттік  өзінде  еді.

Дерттінің   емін  жасап,

Түнде  де көз ілмеді. 

Жан емес қатардағы,

Жанкешті  атанғаны.

Дәрігер қайсар жандар

Халқының  қаһарманы. 

Қашанда  ұнайды ісің,

Күреспей  тұрармысың.

Қабыл  ал, дәрігерлер,

Халқыңның  мың алғысын.

Махмұтбай ӘМІРЕҰЛЫ,

Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі.

Қызылорда.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз