Қайсар қыздың жүрек тебіренісі

4358

0

Қалалық орталықтандырылған кітапханалар жүйесіне қарасты «Жастар» орталығында орналасқан  №19 кітапхана  «Мен бір аққу жаралы» атты әдеби-сазды кешін кітапхананың белсенді оқырмандары, жастардың қатысуымен өткізді.

Әдеби-сазды кеш Сыр елінің ардақты қыздарының бірі ақын, сазгер, мәдениет майталманы Кенже Маханбетова Бануқызының шығармашылығына арналды.

Табаны жерге тиіп топырақ нәрін сезбеген, сәби шағынан басталған тағдыр тақсыретін өлеңге қосқан, тағдырмен тайталасқан, қайсар қыздың  жүрек тебіренісінен туындаған «Мен бір аққу жаралы» атты кітабы оқырманға кеңінен таныс.

Музыка ырғағында қыз бен жігіт /Пед колледж студенттері/ орындауындағы ақын қыздың  арман-мұңын жеткізе білген прологтан басталған шараны«Ханшайым ана» балабақшасының бүлдіршіндері «Құстар әні», «До,ре,ми» биілерімен жалғастырды.

Кенже Маханбетова Бануқызы 10 мамыр күні 1969 жылы Қызылорда обылысы,Жалағаш ауданы,Жаңаталап совхозында қарапайым отбасында дүнтеге келген.Әкесі Бану –ақын ,соғыс ардагері.Анасы Сәнтай-өнер сүюші болған.

Нартай Бегежанов атындағы театр актрисасы әрі әншісі Аягөз Дүйсенқызы Кенже Бануқызы әні мен сөзін өзі жазған «Жаратқан ием жанарыңды салшы маған» әнін орындап, кітапхананың жас оқырмандары жырларын жатқа оқыды. «Қуаныш» бала бақшасының музыканты Оразкүл «Ақмаңдайлым» әнін орындады.

Кенже осы күнге дейін 50 шақты ән жазған автор,оның тоғызына музыка жазылған, әндерінің көбісін әнші достары айтып жүр. Сондай достарының бірі тағдырлас досы, әрі сырлас досы Зағиптар кітапханасының қызметкері Нұрлиева Ақмарал «Таңшолпан»әнін орындады.

Кеш соңында ақынға сөз кезегі беріліп бірнеше жырларын жатқа оқып, екі әнін орындады. Қалалық орталықтандырылған кітапханалар жүйесінің директоры Рахметова Гулмира Шамсудинқызы кешті қорытындылап, ақын қызға сыйлық табыстады.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<