Тәуелсіздік, мен өзіңмен құрдаспын!

2038

0

Тәуелсіздік, мен өзіңмен құрдаспын,


Құрдастарша келед(і) кейде сырласқым.


Өткеніңе өкпем қара қазандай,

Дей алмаймын сырласуға тым жаспын.

Өзіңе елім қызыға бүгін қарадым,


Азапқа толған сәтіңді сенің санадым.

Отыз жыл бұрын шырылдап түскен шарана,


Өзіңмен өтті тәй-тәйлап басқан әр адым.

Отыз жылдың еншіледік қамалында,


Түстік талай талқыға, қара мұңға.


Бабалар басымызға бақ сыйлады,

Қалмас үшін өзгенің табынында.

Көрінсе де жан-жақты сан қырымыз,


Кейде жетпей жатады бар үніміз.


Қадіріңе көп пенде жетпей жүрген,

Екеуміздің ұқсастау тағдырымыз.

Оты сөнген кеуделерге үміт бердің,


Тұғырыңда таймастан тұрып келдің.

Отыз жылда озық боп өзгелерден,


Тәуелсіздік таңым боп кіріп келдің.

Қайтарымы қуаныштың, бақ, ардың,


Алды талай қолымызда не бардың.


Сол зұлматты замандардың жеңісі,

Тәуелсіздік мәңгілікке сен қалдың.

Өшпей тұрсын Тәуелсіздік от ізің,


Биігіңді түсірмесін ұл-қызың.

Қазағыма Мәңгілікке тұрақтап,


Орда бұзар құтты болсын Отызың!

Гүлдәрі ИМАНАЛИЕВА,


Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі,


Ғ.Мұратбаев атындағы жастар
сыйлығының иегері

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<