Ұлы клоун қайтарған «күлкілі» жауап

1393

0

Юрий Никулин (1921-1997) дегенде езуіміз сәл жымияды. Кезінде «ОГОНЕК» журналындағы «Анекдот от Никулина» деген айдарды үзбей оқушы едім, кейін 1993-1997 жылдары «Белый попугай» клубының жүргізушісі болғанда да, талай анекдотына ішіміз қатып күлетін едік. Оның клоун ретіндегі цирктегі, актер ретіндегі кинодағы бейнесі қазір классикаға айналды.

Социалистік Еңбек Ері, СССР халық артисі Ю.Никулин қайтыс болғанда теледидардан РФ президенті Б.Н.Ельцин халыққа және отбасына көңіл айтты, бұған дейін де, бұдан кейін де басқа артистер ондай құрметке ие болған жоқ, тек көңіл айту теллеграммасын салады. Менің айтайын дегенім бұл емес.

Ю.Никулин 1983-1997 жылдары Цветной бульвардағы цирктің директоры болды. Ал, цирктің финанс директоры болып істеген Михаил Седовтың қолында нақты ақша болғандықтан криминалды топпен байланыста болады, ақша жүрген жерде келіспеушілікте болғандықтан 1993 жылы тамыз айында Седовты атып кетеді. Қаза тапқан Седовтың орнына, өзінің ұлы Максим Никулинді отырғызады. Бұны естіген досы, СССР халық артисі режиссер Эльдар Рязанов Никулинге: «Юра сенің осы орынға қалайша дәтін барып, жалғыз ұлынды отырғыздың»-дегенде Никулин: «Сонда, сенінше мен ол орынға басқа адамның баласын отырғызуым керек пе?» деп жауап қайтарыпты.

Бақытжан Абдуллаұлы,

тарихшы-журналист

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<