Ұлықбек Бекұзақұлы. «Жүгіну»

1351

0

Баса алмаған жаңбырын,


Кім ұғады жан мұңын?


Шимайындай баланың,


Түсініксіз әр күнің.

Келер күнді тойладың,


Кетер күнді ойлағын.


Қадіріңді қай жерде,


Жоғалтарың беймәлім.

Жан едім деп ең дара,


Бере алмайсың сен баға.


«Жақсы еді» деп айтатын,


Ең соңында ел ғана.

Өміріңнің сәтін әр,


Тәңір өзі бақылар.


«Жақсы едінің» ішінде,


Жаманның да хақы бар.

Күте тұрар жұмыр жер,

Тәңірім! – деп жүгінді ер.


«Жақсы едінің» салмағын,


Көтере алар ғұмыр бер!

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<