Сүйдің мені аяладың жан анам,
Бар күшіңді аямадың баладан.
Ұл-қыздарың қанаттанып ұшса да,
Өзге жақын таба алмайды-ау анадан.
Қайырмасы:
Анажан, анажан,
Мейрімді балажан.
Өзге жақын табылмас,
Өзің туған анадан.
Қызықтаушы-ең сәбиіңнің күлгенін,
Еңбектеп кеп, тәй-тәй басып жүргенін.
Аялаушы-ең ұл-қызыңды мәпелеп,
Қанат қағып өмірге әкеп жетелеп.
Бақытты ғой анасы бар басқадан,
Қазақ тілін анасындай сақтаған.
Сүйген жаның ол балаңның анасы,
Жабырқатпай аялап сен қарашы.
Ана біздің өмірдегі сәніміз,
Құрметтейік аналарды бәріміз.
Аналардың ақ сүтінен нәр алып,
Келдік бүгін бұл өмірге бәріміз.
Өтемұрат Зияев,
Қызылорда қаласы.
>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<