«Жүректегі жапырақ» оқырманға жол тартты

5

0

Парламент Сенатының депутаты, Президент сыйлығының лауреаты, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, Қызылорда облысының құрметті азаматы Нұртөре Жүсіптің «Жүректегі жапырақ» атты кітабының таныстырылымы өтті. Айта кетейік, автордың бұған дейін «Біз кімнен кембіз?», «Қазақтың қызы», «Елес пен белес», «Тәуелсіздік лебі: ел мен жер», «Мың құмырсқа және біз» кітаптары жарық көрген.

«Достық үйінде» ұйымдас­тырылған іс-шараны облыс әкі­мінің орынбасары, ҚР Прези­дентінің Байқоңыр кешеніндегі арнаулы өкілі Қайрат Нұртай жүргізді. Жиынның кіріспесінде Қайрат Ырзақұлұлы өңірдің руханият саласында атқарылып жатқан ауқымды жұмыстарды саралай келіп, Сыр перзенті, мемлекет және қоғам қайрат­кері Нұртөре Жү­сіптің өмір жолы мен шығар­машылығын кеш қонақтарына қысқаша таныстырды.

Қаламгердің оқырман қо­лына тиген жаңа туындысына аймақ халқының атынан ыстық ықылас білдіріп, облыс әкімі Мұрат Ергешбаевтың арнайы құттықтауын табыс етті.

Алғашқы сөз кезегін алған Сенат депутаттары Бекбол Орынбасаров, Амангелді Есбай кітап авторын шығармашылық еңбегінің жарыққа шығуымен құттықтап, Парламент Сена­тының төрағасы Мәулен Әшім­баевтың құттықтауын табыс­тады.

Қазақстан Жазушылар ода­ғының облыстағы өкілі, халық­аралық «Алаш» әдеби сыйлы­ғы­ның иегері  Қаршыға Есім­­сейітова «Жүректегі жа­пы­рақ» кітабына жан-жақты шолу жасап, қалам иесінің әр ке­зеңдегі шығармаларына қа­тысты ой-пікірін білдірді. Онда жарияланған автордың 15 пен 65 жас аралығындағы өлең­дерінде елге, жерге деген шы­найы сүйіспеншілік, азаматтық пен ағалық кезеңнің арасында өмірдің сан алуан соқпағынан түйген салмақты ой-пайымдары оқырманды бей-жай қалдыр­майтынын айтты.

 Кеште Қорқыт ата атындағы Қызылорда универ­ситетінің сту­­­денттері автордың өлеңдерін жатқа оқып, кезегі келгенде көңіл­дерінде жүрген сұрақ­та­рына жауап та алды.

Кештің қорытынды сәтінде  бірнеше респуб­ликалық басы­лымдарды бас­қарған қазақ жур­на­листи­ка­сының қайрат­кері, Қазақстан Жазушылар және Журналистер одағының, ҚР Жур­налистер ака­демиясының мү­шесі, Қазақ­стан­ның құрметті журналисі Нұртөре Жүсіп туған жер тө­рінде өткен жылы жүз­десуге қатысушыларға тебіре­ніспен алғысын білдірді.

«Жүректегі жапырақ» кіта­бының кіріспесінде автор «Абайдың әрбір қара сөзінде қазақтың болмыс-бітіміне тән терең философиялық ойлар жа­тыр. Қазір мен Абайдың жа­сынан асып кеттім. Шынында талай нәрсені көрдік. Бірталай өмірімізді өткіздік. Не көрдік? Не түйдік? Айтарымызды айт­қан сияқтымыз… Жазарымызды жазған тәріздіміз…» деп тол­ғанысын жеткізген екен. Кеш барысында да әңгіме ауаны осы төңіректе өрбіді. Сондай-ақ оқыр­ман қауым алдында бір­неше өлеңін оқып, орыс әде­бие­ті­нен жасаған аудар­малары жа­йында ой қозғады. Осындай жыр шумақтарының біріне назар салсақ:

Мақтан үшін жазғам жоқ        өлеңді мен,

Түсімде де тәтті өлең

көрем кілең.

Не жазсам да халқыма

арнап жаздым,

Кір келтірмей өлеңге,

өлем білем…

Иә, Жаратқанның жазуымен қолына қалам алған ақын-жазушыға ең басты керегі – ақыл-ойдың тереңдігі, парасат-па­йым­ның кемелдігі. Осы тұр­­­ғыдан келгенде, қаламгер шы­ғармаларындағы толға­ныс­ты ой, тұжырымды пікір адами тіршіліктің ақ-қарасын тереңі­рек тануға жетелейді.

Ғазиза ӘБІЛДА,

«Сыр бойы»