Жүз жасаған «Жас Алаш»

1964

0

Республикалық қоғамдық-саяси газет «Жас Алаштың» жарыққа шыққанына 100 жыл толып отыр.


Тарихқа көз салсақ, басы­лымның алғашқы саны 1921 жыл­дың 21 наурызында араб әліп­биінің төте жазу нұсқасымен Таш­кент қаласында жарық көрген. Газет­тің тұңғыш редакторы, біздің жер­лесіміз Ғани Мұратбаев, жауапты хатшысы ақын Ілияс Жансүгіров болған.


Бұл басылым – кеңестік дәуірде «Лениншіл жас» атауымен шы­ғып тұрған кезеңде де ұлттық тұ­ғыр­дан үн қата білген, халық сүйік­тісі болған сөз отауы. Атақты Шерхан Мұртаза басшылық жасап тұрған жылдары қазақтың Ақселеу Сейдімбеков, Фариза Оң­ғар­сынова, Мұхтар Шаханов секілді мар­қасқалары еңбек еткен. Осындай тау тұлғалардың қолтаңбасы бар газет өзінің ақиқатшыл, айбыншыл бағытынан ешқашан айныған емес.


Басылымның 100 жылдық мерей­тойы қарсаңында байтақ елі­­міздің байырқалы оқыр­ма­ны­мен жүздесуді мақсат тұтқан шығармашылық ұжым мерей­той­лық сапарын Қызылорда өңі­рінен бастады. Әуелі аудандарда болған газеттің бас редакторы Қайрат Мәтіреков, қоғам қайраткері, сая­саткер Дос Көшім, газеттің жауапты хатшысы Нұрымжан ­Мауытов, Миуа Байназарова кеше «Сыр медиа» ұжымында болып, бір топ журналиспен кездесті.


Кездесуде облыстық ішкі сая­сат басқармасы басшысының орынбасары Руслан Каюпов алғысөз айтып, әріптес қонақ­та­ры­мызды жақын таныстырып өтті.
Мұнан соң басылымның бас редакторы Қ.Мәтіреков сөз сөй­леп, газет тарихына тоқталды. Сапар барысында ел ішінің «Жас Алашқа» деген ыстық ықыласын, жақсы бағасын сезінгенін, газеттің халық мүддесін айтудан еш танбайтынын, тұлғалар салған сара жолмен жүре беретіндіктерін жеткізді.
Ал, саясаткер, газеттің тұрақты авторы Дос Көшім басылымның негізгі бағыт-бағдарына шолу жасады. Баспасөз маңыздылығын, оның қоғамдағы ролін саралады.


Облыстық мәслихат депутаты, «Сыр медиа» ЖШС бас директоры, Қазақстан Журналистер одағы облыстық филиалының төрағасы Аманжол Оңғарбаев әріптестерімізді ға­сырлық мерекемен құттықтап, қонақтарға сәт сапар тіледі.
Журналистер әріптестеріне «Га­­зетті алты Алаш дәрежесіне кө­тере алуға бола ма, материалдық мүмкіндіктеріңіз қалай?» деген сияқ­ты сұрақтар қойды. Қазіргі кез­дегі тілдік қалыбымыздың бұ­зы­лып бара жатқанын, осы тұр­ғыда ащы пікірлер мен мақа­лалар жариялауды ұсынды. Газет редакторы бұл сауалдарға тұ­шымды жауап айтты.


Кездесу еркін реңкте, ашық сұхбатта өтті.


«СБ» ақпарат

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<