1-сынып оқушылары «Әліппені» қай кезден бастап оқиды?

1051

0

2021 жылдың жаңа оқу жылында 1-сынып оқушысы «Әліппемен» сауат ашады. Бұл туралы Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов педагогтар мен білім және ғылым саласы қызметкерлерінің республикалық тамыз кеңесінде айтты, – деп хабарлайды Egemen.kz.

«Биыл 1 қыркүйектен бастап 11-сыныптар жаңа бағдарламамен оқуға көшеді. Сондай-ақ мемлекеттік стандартқа өзгеріс енгізілді. Ол өзгерістің аясында мектеп бағдарламасына сәйкес, 1-сыныптарға 1-2 тоқсан «Әліппе», 3-4 тоқсан «Ана тілі» енгізілді. Қазір біз осы бағыт бойынша жұмыс жүргізілуде, оқулықтарды, бағдарламаны дайындау үстіндеміз. Келесі жылы осы оқулықтар, бағдарламалар біздің барлық 7 мың мектепте қолданылатын болады», – деді А.Аймағамбетов

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<