120 жылда бір рет гүлдейтін бамбук мерзімінен бұрын гүлдеді

243

0

Сурет: wikimedia

Бамбуктер жылдар бойы, тіпті ондаған жылдар бойы гүлдей алады, алайда хачику бамбугы 120 жылда бір рет өсімдіктер массасымен синхронды түрде гүлдейді және көп ұзамай өледі, деп хабарлайды Zakon.kz.

Нenonis сортына жататын Phyllostachys nigra бамбугы соңғы рет 1908 жылы гүлдеген, сол себепті оны ғалымда 2028 жылы гүлдейді деп күтіп отырған, деп жазды The Guardian.
Бірақ 2020 жылы жапондық ботаниктер бірнеше үлгілер мерзімінен бұрын гүлдей бастағанын байқаған. Бірақ олар гүлдеген соң жаңа тұқым шашпай, жаппай өліп қалған.

Қазір ғалымдар бамбуктардың 2028 жылы гүлдеуінен қорқып отыр. 1908 жылы соңғы жаппай гүлдегеннен кейін бамбук колониялары құлаған, бірақ жылдар өткен соң олар бүкіл Жапонияда қайта пайда болған. Бамбуктың қалай жан алғаны әлі күнге дейін жұмбақ күйінде қалып отыр.
Ал өзіміздің Ақтөбеде қазан айының ортасында бөртегүл гүлдеді.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<