2022 жылы ел экономикасы 3,1 пайызға өсті

598

0

Фото ашық дереккөзден

2022 жылы ел экономикасы 3,1 пайызға өсті. Бұл туралы бүгін Үкімет отырысында ҚР Ұлттық экономика министрі Әлібек Қуантыров айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Теріс сыртқы факторларға қарамастан, 2022 жылдың қорытындысы бойынша Қазақстан экономикасы 3,1 пайыз деңгейде тұрақты өсімге қол жеткізді. Оның ішінде нақты сектордағы өсім – 3,2, ал қызмет көрсету саласында – 2,5 пайызды құрады. Оң өсім қарқыны құрылыс, ауыл шаруашылығы, ақпарат және байланыс, сауда, көлік және қоймалау, өңдеу өнеркәсібі салаларында тіркелді. Тау-кен өндіру өнеркәсібінде өңдеу қарқыны 1 пайызға төмендеді», – деді министр.

Оның дерегінше, негізгі капиталға салынған инвестицияның өсу қарқыны 7,8 пайызға жеткен.

«Экономиканың негізгі салалары бойынша инвестиция көлемі жылжымайтын мүлікпен операцияларда – 15,4, ауыл шаруашылығында – 6,9, көлік және қоймалауда – 5,5, сондай-ақ өнеркәсіпте – 5,6, оның ішінде тау-кен өндіру өнеркәсібінде 14,2 пайызға ұлғайды. Өңірлер арасында ең жоғарғы өсім Қызылорда, Жетісу, Маңғыстау және Алматы облыстарында, сондай-ақ Шымкент және Астана қалаларында байқалды», – деді Әлібек Қуантыров.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<