25 ақпан қандай күн?

754

0

Бүгін Спирттың ашылу күні тойланады. Спирттің қолданыс аясы өте кең – медицина, азық-түлік, химия өнеркәсібі, косметология салаларында, жанармай ретінде пайдаланылатын аса маңызды қажетті өнім. Спиртің ашылу күнін медицина қызметкерлері мен химиктердің кәсіби мерекесі деп атауға да болады. Құрамында этанол (этил спирті) бар масайтатын сусындар біздің дәуірімізге дейінгі 8-ші мыңжылдықта пайда болған, оны ашып кеткен жемістерден әзірлейтін.

Алғашқы таза спиртті арабтар VI ғасырда шараптан бөліп алды, бұл туралы парсыдан шыққан емші-алхимик Ар-Разидің жазбаларында айтылған. Еуропалықтар бұған XI-XII ғасырда ғана қол жеткізді. «Спирт» сөзі латынның «spiritus vini» («шараптың рухы») сөзінен шыққан. Тағамдық спиртті өндіру үшін картоп, дәнді-дақылдар, қант қызылшасы, шикі қант, жералмұрт, жүзім, жемістерді пайдаланады, ал техникалық спритті мұнай өнімдері, ағаш және ауыл шаруашылығы өсімдіктерінің қалдықтарынан алады. Этил спирті 78°C-та қайнайды. Бұл өнімді шектен тыс қолдану ауыр науқасқа әкеп соқтыруы ықтимал – маскүнемдік.

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының мәліметіне сүйенсек, 2014 жылдың қорытындысы бойынша, адам басына шаққанда ішімдік пайдалану деңгейі бойынша Молдова бірінші орында болды, екінші орында – Чехия, үшінші орында – Венгрия. Олардың соңынан Ресей мен Украина келеді. Ал ішімдікті ең аз ішетін ел ретінде Ауғанстан танылған.

Сонымен қатар, бүгін револьвер қаруы өзінің туған күнін атап өтіп жатыр. 1836 жылы дәл осы күні қару патенттелді. Револьверді ойлап тапқан адам – Сэмюэл Кольт, бірақ кей тарихшылардың пайымдауынша, қаруды негізінде Кольттың көмекшісі Джон Пирсон жасап шығарыпты.

Бұған ұқсас қару алғаш рет XVI ғасырда құрастырылған еді. Кремний револьверінің патентін Коллиер есімді адам өнертапқыш Артемас Уиллерден ұрлап алды. Ол қару жасаушы шығарған механизмді толықтырып, авторлықты өз атына жазып алған. Уиллер Солтүстік Америкада тұрып, қаруды өз елінде патенттеген екен, бірақ әлемде британ патентінің құны жоғары болғандықтан, досы әрі әріптесі Коллиерді Англияға жібереді, бірақ Коллиер бұл мүмкіндікті құр жібермей, қаруды өз атына жазып, тіпті фабрика ашып алады

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<