Бүкілқазақстандық орман отырғызу күні

251

0

«Атадан мал қалғанша, тал қалсын» демекші, елімізде соңғы кезеңдерде табиғатты қорғауға бағытталған іс-шаралар көптеп іске асырылып келетіні бәрімізге мәлім. Соның бірі 2014 жылдан бері бастау алып келе жатқан – Бүкілқазақстандық орман отырғызу күні.

«Барсакелмес мемлекеттік табиғи қорығы» республикалық мемлекеттік мекемесі қызметкерлері аудан бойынша көгалдандыру, тазалық жұмыстары және түрлі экологиялық іс-шараларды атқарумен көзге түсуде. Биылда республикалық «Парктер шеруі»-2023 табиғат қорғау акциясының аясында Бүкілқазақстандық орман отырғызу күніне орай сәуір айының 13-22 күндері аралығында ауданымызды көгалдандыру жұмыстарын белсенді жүргізді. Акцияға жалпы 400 адам қатысып, 1000 түп тал көшеттері отырғызылды.

Айта кететін жай, көгалдандыру жұмыстарын белсенді жүргізуге Қазалы орман және жануарлар дүниесін қорғау жөніндегі мемлекеттік мекемесі айтарлықтай көмегін тигізіп, тал түптерімен қамтамасыз етті. «Бабаның тал қоңдырғаны өзіне ат қалдырғаны» демекші отырғызылған тал түптері толықтай жерсініп, болашақ ұрпақтарымызға саялы пана болсын!

Т. Әбдікеров

Барсакелмес мемлекеттік табиғи қорығы

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<