Әкімдік назарындағы нысандар

262

0

Фото: Қармақшы ауданының әкімдігі

Аудан әкімі Жандос Еркінбек аудан аумағындағы әлеуметтік нысандарды аралады.

Төретам кентін табиғи газге қосу жұмыстарының барысымен және Ақай ауылдық округіндегі құрылысы жүріп жатқан дене шынықтыру және спорт кешенінің жұмысымен танысты. Сонымен қатар, Байқоңыр қаласында салынып жатқан көп қабатты тұрғын үйлердің құрылыс алаңына барды.

«Нысандар алдағы уақыттағы мерзімде тапсырылады. Барлығы талапқа сай әрі сапалы болуы керек. Кейбір құрылыс нысандарының сапасы мен қауіпсіздігіне жіті қадағалау болады», – деді Жандос Еркінбекұлы.

Аудан басшысы жұмыс сапары нәтижесінде сала басшыларына тиісті тапсырмалар беріп, құрылыс нысандарын қатаң бақылауда ұстауды тапсырды.

Қармақшы ауданы әкімінің баспасөз қызметі

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<