Әлемдегі ең кәрі ит өлді

334

0

Фото: PAULO CUNHA

Португалияда Боби атты әлемдегі ең кәрі ит өлді. Ол 31 жыл өмір сүрді. Тұқымы – португалиялық мастиф (классикалық атауы Рафейру Ду Алентежу). Kazinform бұл туралы bbc-ге сілтеме жасап хабарлайды.

11 жыл – жақсы көрсеткіш, 13 – керемет жетістік, ал 16 жыл – нағыз бағы барлар өмір сүреді, себебі адам жасына шаққанда бұл 120 жаспен пара-пар.

31 жыл әлі бірде-бір ит өмір сүрмеген. Қарапайым арифметикаға сүйенсек, Боби кем дегенде 240 жас жасаған.

Жануардың өлімі туралы оның емімен айналысқан ветеринар Карен Беккер мәлім етті.

Иттің өлімінен кейін алғашқы болып Гиннес рекордтар кітабынан хабарласқан. Биылғы 2 ақпанда рекордтар кітабы Бобиді адамзат тарихындағы ең кәрі ит деп таныған еді.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<