Әлеуметтік нысандардың жұмысымен танысты

284

0

Фото: Қармақшы ауданы әкімдігі

Бүгін аудан әкімінің орынбасары Омаров Жарқын Тұрмаханұлы елді мекендерді аралап, бірқатар әлеуметтік нысандардың жұмысымен танысты.

Алдымен Ақжар ауылындағы №28 мектептің және «Ауыл – ел бесігі» бағдарламасы аясында жаңадан салынған дәрігерлік амбулаторияның жұмыс барысымен танысып, жаңа нысанмен құттықтап, қызметкерлерге сәттілік тіледі.

Сондай-ақ, Ақтөбе ауылындағы №109 мектебінің жай-күйін және Жаңажол ауылында жаңадан ашылған дәрігерлік амбулатория ғимаратын көрді. Одан соң, ІІІ Интернационал ауылында ардагерлермен кездесіп, еркін пікір алмасып, баталарын алды.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<