Әріптесіміз байқау жеңімпазы атанды

466

0

Шиелі аудандық мәдениет үйінде Тәуелсіздіктің 30 жылдығы аясында ақын Мұқағали Мақатаевтың 90 жылдығына арналған онлайн жазба ақындар мүшәйрасы өтті.

Дарынды ақынның шығармашылығын насихаттау мақсатында ұйымдастырылған «Мұқағали – мәңгілік ғұмыр» атты облыстық байқауда бақ сынаған жас көп. Қазылар алқасына шын жүйрікті анықтау қиынға соққаны да сондықтан.

Талантты жас ақындарды шыңдаған сайыс қорытындысында әріптесіміздің бәсі биік болды. Байқау нәтижесімен жүлделі І орынды газет тілшісі Биболат Сәтжанов иеленді.

Бас жүлдені жалағаштық Бақберген Нұрай алды. ІІ орын қазалылық Дина Бөкебайға бұйырса, ІІІ орынды шиелілік Бекжан Ержігіт місе тұтты. Зағиптар қоғамдық клубының қызметкері Арман Қайыпұлына «Өлең-өмір» атты арнайы жүлде табысталды.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз