Актер Асқар Наймантаев өмірден өтті

557

0

Фото: facebook.com/erlan.ryskali.7

Белгілі сатирик, актер Асқар Наймантаев өмірден өтті, деп хабарлайды Kazinform. 

Белгілі сатирик, актер, режиссер, «Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері» Асқар Наймантаев дүниеден озды. Қаралы хабарды өнер адамдары әлеуметтік желі арқылы жеткізіп жатыр.

«Асқар ағамыз бақиға аттаныпты. Қайран асыл ер… Алла алдыңнан жарылқасын», – деп жазды дәстүрлі әнші Ерлан Рысқали. 

Осыдан бес күн бұрын өнер иесі Instagram-парақшасында ауруханада жатқан суреттерімен бөліскен болатын. 

Асқар Әбдіғалымұлы Наймантаев 1965 жылы, 17 маусымда Алматы облысы, Нарынқол ауылында дүниеге келген.

Актер «Терісқақпай», «Аққу-Гәкку» комедиялық театрларын ашып, кино және театр сахнасында бірқатар рөлдерімен есте қалды.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<