Алдағы демалыс күндері елімізде -5 градусқа дейін аяз күтілуде

304

0

Синоптиктер 21-23 қазан аралығында елімізде ауа райы қандай болатынын болжады, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

«Қазгидромет» РМК ресми сайтына сілтеме жасап. Мамандардың болжамынша, Солтүстік атлантикалық циклон мен скандинавиялық антициклон әсерінен алдағы демалыс күндері елімізде күн суытады. Кей жерлерде жаңбыр жауып, еліміздің оңтүстігіндегі таулы аймақтарда жаңбырдың соңы қарға ұласуы мүмкін.

Сондай-ақ демалыс күндері Қазақстанның солтүстігінде және орталығында түнде -5 градусқа дейін аяз күтілуде. Күндіз аталмыш өңірлерде ауа температурасы +2 …+12 градусқа дейін жоғарылауы мүмкін.

Десе де, синоптиктер республиканың батысында, оңтүстігінде және шығысында салыстырмалы түрде жылы ауа райы сақталатынын айтады.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<