Аналар – асыл жандар

685

0

Көңілге көктем шуағындай сезім мен нұр құйып 8 наурыз Халықаралық әйелдер мерекесі де келіп жетті. Аталған мерекеге орай Т.Есетов атындағы №264 мектеп-лицейде Қызылорда қаласы бойынша білім бөлімінің басшысы Ерлан Теңізбайұлы мен қалалық кәсіподақ комитетінің төрағасы Орынша Міржақыпқызы қалалық білім бөлімінің нәзік жанды арулар мен директорларды құттықтады.

– Ардақты аналар! Аяулы арулар! Сіздерді Халықаралық әйелдер күнімен шын жүректен құттықтаймын! Әйелдер қауымы – әрдайым отбасының ұйытқысы, береке-бірліктің шырақшысы. Әр адамның өміріндегі қуанышты әрі жарқын сәттердің көп болуына сіздер мол үлес қосып келесіздер. Ел басына күн туғанда асыл аналарымыз бен аяулы аруларымыз қиындыққа мойымай, ұлт тағдырына араласты. Еселі еңбегімен және ерен ерлігімен танылған әйелдердің есімдері тарих жылнамасына мәңгілікке жазылып, жадымызда жатталады. Қыздар бар жерде құт бар, құт бар жерде қазына мол. Демек, айдай сұлу аруларымыз арамызда жарқырап жүрсе өмірдің мәнділігі өзектеле түседі. Сүйіспеншілік артады, сыйлыстық төрге озады. Біз сіздерге отбасында бақыт, сұлулық, амандық тілейміз, – деді Ерлан Теңізбайұлы.

Мерекелік кеште басшылар облыс әкімі мен басқарма басшысының Құрмет, алғыс хаттарымен марапатталды. Сонымен қатар, ұстаздаға мерекелік көңіл күй сыйлап әндер шырқалды.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<