Аң аулауда қаперде ұстаңыз

625

0

Аң аулау қағидаларын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің м.а. 2015 жылғы 27 ақпандағы № 18-03/157 бұйрығы қолданыстағы құқықтық акт болып табылады. Осы Аң аулау қағидалары (бұдан әрi – Қағидалар) «Жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану туралы» Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 9 шiлдедегі Заңына (бұдан әрі – Заң) сәйкес әзiрленген және Қазақстан Республикасының аумағында аң аулау тәртібін және мерзімін белгілейді.

Аң аулау қағидаға сәйкес кәсiпшiлiк аң аулау,әуесқойлық (спорттық) аң аулау, оның ішінде ұлттық аң аулау болып бөлiнедi.

Кәсiпшiлiк аң аулау – кәсiпкерлiк қызмет мақсатында аң аулау объектiсi болып табылатын жануарлар түрлерiн олжалау.

Әуесқойлық (спорттық) аң аулау – спорттық, эстетикалық қажеттiлiктердi қанағаттандыру мақсатында және олжаланған өнiмдi жеке пайдалану үшiн аң аулау объектiсi болып табылатын жануарлар түрлерiн олжалау.

Ұлттық аң аулау – аушы жыртқыш құстар мен аңшылық иттердің ұлттық тұқымдарын пайдаланып, әуесқойлық (спорттық) аң аулау объектісі болып табылатын жануарлар түрлерін олжалау.

Кәсiпшiлiк аң аулау аңшыда келесідей құжаттар яғни, аңшы куәлігі, жануарлар дүниесін пайдалануға берілген рұқсат немесе аңшылық шаруашылығы субъектісінің жолдамасы, аңшылық атыс қаруын қолданып аң аулаған кезде – жеке тұлғаларға азаматтық қару мен оның патрондарын сақтауға, сақтау мен алып жүруге рұқсат, аушы жыртқыш құстармен аң аулаған кезде – Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 27 ақпандағы № 18-03/144 бұйрығымен бекітілген Аңшылықта пайдаланылатын аңшы жыртқыш құстарды есепке алуды жүргізу және тіркеу қағидаларына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10651 болып тіркелген) 2-қосымшада көзделген нысан бойынша аңшы жыртқыш құстың паспорты (бұдан әрі – аңшы жыртқыш құстың паспорты), аңшылық шаруашылығы субъектісімен жануарлар дүниесін пайдалануға жасалған шарт, осы Қағидаларға 10-қосымшаға сәйкес нысан бойынша ауланған жануарларды есепке алу журналы (кәсіпшілік журналы) болған кезде жүзеге асырылады.

Ұжымдық (топтық) кәсіпшілік аң аулау кезінде аңшылық шаруашылығының субъектісі жануарлар дүниесін пайдалануға берілген рұқсатты пайдалану үшін жауапты адамды тағайындайды.

Әуесқойлық (спорттық) аң аулау аңшыда келесідей құжаттар яғни, аңшы куәлігі, жануарлар дүниесін пайдалануға берілген рұқсат, аңшылық шаруашылығы субъектісінің жолдамалары, аңшылық атыс қаруын қолданып аң аулаған кезде – азаматтық қару мен оның патрондарын сақтауға, сақтау мен алып жүруге жеке тұлғаларға берілген рұқсат, аушы жыртқыш құстармен аң аулаған кезде – аушы жыртқыш құстың паспорты болған кезде жүзеге асырылады.

Аңшылық шаруашылығында ұя салатын үйректердің аталығын, көктемгі аң аулауды жүргізу кезінде жыныстық жағынан өзгеруі анық байқалатын үйректердің аталық түрлерін олжалауды аңшы алдамшы үйрек немесе тұлып болған кезде жүзеге асырады.

Аң аулау аяқталғаннан кейiн, аң аулау аралығындағы үзiлiстерде, бiр жерден екiншi жерге көшкен кезде, аңшы аңшылық атыс қаруын оғы алынған күйге келтiріледi. 

Қағиданың аң аулауды жүргізу тәртібі көзделген 2-тарауының 18-тармағында Заңның 38-бабының 5-тармағына сәйкес аң аулауға тыйым салынатын жағдайлар көрсетілген. Соның ішінде келесідей жағдайларда егер уәкiлеттi орган өзгеше белгiлемесе, аңшылық алқаптардың резервтiк қорында, елдi мекендердiң жерлерiнде, сондай-ақ олармен iргелес аумақтарда аң аулау ережелерiне сәйкес аңшылық атыс қаруын қолдану қауiпсiздiгi қамтамасыз етiлмейтiн қашықтықта, егін орағы аяқталғанға дейін ауыл шаруашылығы дақылдары егілген жерлерде, бос жерлерді, су бетiндегі өсiмдiктердi жағумен, басқа да өсімдiктерді түбiрiмен қопарып және жойып аң аулауға тыйым салынады.

Аң аулау барысында осы Қағидада және Қазақстан Республикасының өзге де заңнамаларында белгіленген тәртіптерді қатаң сақтауды сұраймын.

Р.Ж. БУРАБАЕВ,

жануарлар дүниесі және аңшылық

шаруашылығы бөлімінің басшысы 

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<