Апостиль

268

0

Фото: ашық дереккөз

«Апостиль» мөртаңбаның қою (кейде бұл рәсімді жеңілдетілген заңдастыру немесе апостильдеу деп аталады) 1961 жылғы 5 қазандағы Гаага конвенциясына қосылған, консулдық заңдастыру талаптарының күшін жоятын және жеңілдетілген заңдастыру рәсімін енгізетін елдерге құжаттар жолдау кезінде – «апостиль» мөртаңбаның қою қолданылатыны туралы айтылды.

Апостиль дегеніміз – бұл құжатқа қол қойған лауазымды тұлғаның қолын, оны растайтын мөр мен мөртаңбаны куәләндіратын арнайы мөртәңба болып табылады.

Бір жағынан апостильдеу мейілінше жылдам және оны тек қана бір өкілетті орган қоюына, ал екінші жағынан құжаттың Гаага конвенциясына қосылған барлық аумағында заңды күшіне ие болуына байланысты жеңілдетілген деп аталады.

Егер құжаты дайындаған ел Гаага конференциясына қатыспаса, оны консулдық заңдастыру қажет болады. Бұл айтарлықтай күрделі рәсім, ол құжатты Қазақстан Республикасының Әділет министірлігінде, Қазақстан Республикасының  сыртқы істер министірлігі органдарында, бұдан кейін Қазақстан Республикасына баратын елдің консулдығында куәландыруды талап етеді. Бұл жерде құжат консулдық белгісі бар елдің аумағында ғана заңды күшіне ие болады.

Сондай-ақ, заңдастыру рәсімі құжат типіне негізделуі мүмкін, себебі консулдық заңдастыруға да, сондай-ақ апостильдеуге де жатпайтын құжаттар бар. Бұл негізінен  коммерциялық құжаттарға қатысты: шарттар, инвойстар, коносаменттер,түрлі тауарды таратушы құжаттар және сыртқы экономикалық қызметке байланысты өзге құжаттар, олар үшін жекелеген рәсім бар – құжат ҚР сауда өнеркәсіп палатасында (жуырда Қазақстанның «Атамекен» Ұлттық экономикалық палатасының құрамына кірді) бұдан кейін баратын елдің консулдығында заңдастырылады.

Кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі

мамандандырылған ауданаралық соты

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<