Апта ағымы

438

0

Бақша егуге талаптанып отыр

«AMANAT» партиясы Республикалық сайлауалды штабының Сыр өңіріндегі ауылшаруашылығы саласы өкілдерімен кездесуі барысында егін егуге ынталы азаматтарға арнайы жер қарастыру мәселесі көтерілген болатын. Аталған мәселе бойынша «AMANAT» партиясы жергілікті әкімдік және «Ы.Жақаев атындағы Қазақ күріш шаруашылығы ҒЗИ» ЖШС бірлесіп, Қызылорда қаласы тұрғындары үшін Қарауылтөбе ауылдық округі жанынан әрбір тұрғын үшін 10 сотық жер беруді шешті. Апта басында бірлескен топ өкілдері аталмыш жер учаскесіне барып, атқарылып жатқан жұмыстарды пысықтап қайтты. Қазіргі таңда 10 га жер тұрғындар үшін дайындалып, егін егуге өтініш берген азаматтарға бөлініп берілді.  

Ауыспалы кубок сыр өңіріне жетті

Ой-өрісті дамытуға, логикалық ойлауды және өз ұстанымын білдіруді үйрететін пікір сайыс ойыны жастар арасында үлкен маңызға ие. Сонымен қатар, дебат ұшқыр ой мен жаңа идеяларды қалыптастыруға икемдейді. Мамыр айының 13-14 күндері Алматы қаласында ұйымдастырылған «AMANAT CUP» XXI республикалық пікір сайыс турнирінің қазақ лигасы бойынша ойындарында «Amanatka kyanat jasama» деп аталған Қызылорда облысының командасы, жеңімпаз атанған болатын. Жеңімпаздар кубогі Сыр өңіріне жетті.

Атап өтейік, турнир дәстүрлі түрде жыл сайын өткізілетіндіктен ауыспалы кубок иесі ретінде 2024 жылғы «AMANAT CUP» XXII Республикалық пікір сайыс турнирін ұйымдастыру құқығы Сыр өңіріне берілді.  

Тұрғын үйдің қолжетімділігі талқыланды

«AMANAT» партиясы жанындағы отбасы және халықты әлеуметтік қорғау мәселелері жөніндегі республикалық кеңестің отырысы өтті. Онда партияның 2023-2027 жылдарға арналған «Халықпен бірге» Сайлауалды бағдарламасын іске асыру барысында халықтың әлеуметтік жағынан осал топтарына тұрғын үйлердің қолжетімділігін арттыру мәселесі қаралды.

Өтініш оң шешімін тапты

Облыстық мәслихаттағы «AMANAT» партиясы депутаттық фракциясының мүшесі Ж.Нұрымбетов партияның Қармақшы аудандық филиалында көшпелі қабылдау өткізіп, аудан тұрғындарының өтініш-тілегін тыңдаса, облыстық партия филиалының қоғамдық қабылдау бөлмесінде фракциясының мүшесі Б.Махашов пен ҚР ҰЭМ табиғи монополияларды реттеу комитетінің Қызылорда облысы бойынша департаментінің басшысы А.Егембергенов, Қызылорда облысы жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы басшысының орынбасары Ж. Сыздықов және Медициналық және фармацевтикалық қызметті бақылау комитетінің облыс бойынша департаменті басшысы Ғ. Байменова қабылдау жасап, тұрғындар мәселесінің шешілуіне ықпал етті. Жалпы қабылдауларда 30 жуық азамат өтініш білдіріп, олардың 88 пайызы оң шешілді.

Ісмер келін

Партияның «Ұлттық мұра» жобасы аясында Жалағаш аудандық филиалының ұйымдастыруымен бастауыш партия  ұйымдары арысында «Ісмер келін» сайысы өтсе, теміржолшы аманаттықтар «Кедергісіз келешек» партиялық жобасы аясында мүмкіндігі шектеулі азаматқа әлеуметтік қолдау көрсетті. «Құқытық көмек» жобасы аясында Мемлекеттік кірістер департаментінің бөлім басшысы Г. Ертанова және партяиының облыстық филиалының заңгері С.Алшынбековтер қабылдау өткізіп, азаматтарға құқықтық кеңес берді.  Партияның барлық құрылымдық бөлімшелерімен өтпелі аптада түрлі форматтағы  51 қоғамдық-саяси іс-шара өтті.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<