АПТА АҒЫМЫ

388

0

Сурет ашық дереккөзден

Заң жобасы таныстырылды

Лудоманияға қарсы іс-қимыл жүргізудің әдіс-тәсілі мен букмекерлік кеңселердің қызметін реттеу мәселелері Мәжілістегі «AMANAT» фракциясының кеңейтілген жиынында талқыланды. Жиынға онлайн режмже партияның облыстық филиалының Атқарушы хатшысы Ләйлә Төрешова қатысты.

Жиын барысында фракция мүшелері мемлекеттік органдардың лудоманиямен және заңсыз ойын бизнесімен күрес жөніндегі жұмысын сынға алып, жаңа заң жобасын таныстырды.

Жаңа заң жобасында алимент, салық және несие бойынша борышкерлер тізілімінде тұрған жеке тұлғалардың құмар ойын ойнауына тыйым салу, заңды тұлғаларды рұқсат етілген жасқа толмаған адамдарды құмар ойынға тартқаны үшін әкімшілік жауапкершілікке, сондай-ақ онлайн-казино ұйымдастырғаны үшін қылмыстық жазаға тарту, көшелерде, интернетте және бұқаралық ақпарат құралдарында букмекерлік кеңселер мен тотализаторлардың жарнамасын шектеу қойылмақ.

Осы мақсатта «AMANAT» партиясының депутаттық фракциясы 2 Кодекске және 7 заңға 50-ден астам түзетулер дайындаған.

Су мәселелері талқыланды

«АМАНАТ» партиясы жанындағы экологиялық кеңестің отырысы өтті. Оған  бейнебайланыс режимде партияның облыстық филиалының Атқарушы хатшысы Ләйлә Төрешова, партия филиалы жанындағы экология жөніндегі аймақтық кеңес төрағасы Жорабек Нұрымбетов және тиісті сала басшылары қатысты.

Күн тәртібінде  Қазақстан Республикасының су ресурстарын сақтау, қалпына келтіру және тиімді пайдалану жөніндегі іс-шараларды жүзеге асыру, соның ішінде Арал теңізінің солтүстік бөлігіндегі су қоймасының әлеуетін арттыру, еліміздің тарихи-мәдени және табиғи мұрасын бұзақылықтан қорғау, жергілікті деңгейде құзыреттерді дамыту мәселелері талқыланды.

Жиын барысында партия филиалы жанындағы экология жөніндегі аймақтық кеңес төрағасы, облыстық мәслихаттағы фракция мүшесі  Жорабек Нұрымбетов тиісті министрікке Кіші Арал теңізінен бөлінетін судың лимитін бөлек қарау және орталык Азия мемлекетерінің лимитінен кіші Арал теңізін сақтап қалу үшін қосымша лимит беруіне сұраныс жасап, Нарын-Сырдария каскатының бойындағы барлық су құрылысындағы су өлшегіш құралдарын автоматандару бойынша ұсыныс жасады. Ұсыныс бақылауға алынып, жұмыс жасалатын болды.

Өтініштер оң шешілді

Партияның облыстық филиалының алаңында апта ішінде  облыстық мәслихаттағы «AMANAT» партиясы депутаттық фракциясының мүшелері Батырхан Базарбаев, Рашид Ибраев және облыстық құрылыс,сәулет және қала құрылысы басқармасы басшысының орынбасары Мәди Әліп, Еңбек мобильділігі орталығының директоры Ш. Алмашева, облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Олжас Искаков, облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы Ғабит Жаңабаевтар азаматтарды жеке мәселелері бойынша қабылдау өткізсе, облыстық мәслихаттағы фракция мүшелері Балжан Шәменова партияның Жалағаш аудандық филиалында, Ержан Искендір Байқоңыр филиалында көшпелі қабылдау өткізді. 

Қабылдау барысында тұрғындардан жұмыспен қамту, жол, азаматтар тұрғын үймен қамту бағдарламалары және еңбек ақының уақытылы өтелмеуі, жедел-жәрдем қызметі, дәрі-дәрмектер тізбегі мен портал арқылы ем алу шаралары бойынша 7 өтініш түсіп, олардың 4 оң шешілді.

Мобильді қабылдау жалғасуда

Партияның облыстық филиалы  жанындағы мобильді топ өкілдері  Шиелі ауданы, Тартоғай және Сұлутөбе ауылдарында көшпелі қабылдау жасады. Қос ауылда өткен қабылдау барысында азаматтардан 28 өтініш түсті. Өтініштердің басым бөлігі ауылдың әлеуметтік мәселелері, нысандар салу және жайылымдық жерлер тақырыбында болды.

Қабылдау барысында мобильді топ тарапынан олардың 18-і шешімін тапты. Атап өту керек мобильді қабылдаулар барлық аудандарда жүргізілуде. Мәселен, 22 қыркүйек күні Арал ауданының Аралқұм ауылындағы көшпелі қабылдау барысында ауыл тұрғындарынан құм көшкініне тосқауыл ретінде сексеуіл көшетін егуге ықпал ету туралы өтініш түскен болатын. Мәселе тиісті органдармен бірлескен жұмыстар нәтижесінде жүзеге асып, Аралқұм ауылының батыс жақ бөлігіне ұзындығы 350 м, ені 8 метр болатын 0,3 га аумаққа 700 түп сексеуіл көшеті отырғызылды..

Жол картаның орындалуы пысықталды

Апта барысында  «AMANAT» партиясы облыстық филиалына қарасты Қызылорда қаласы және Арал, Қазалы, Жалағаш, Жаңақорған аудандық мәслихаттарындағы «AMANAT» партиясы депутаттық фракцияларының отырыстары өтіп, оларда  партияның Сайлауалды бағдарламасын іске асыруға бағытталған өңірлік Жол картасының жергілікті жерде орындалу барысы талқыланды.

Мұнан бөлек, Қазалы және Жаңақорған аудандық партия  филиалдары жанынан құрылған мониторингтік топтар  сауда орындары мен дәріханаларда және жанар-жағармай құю бекеттеріндегі баға тұрақтылығына бақылау жүргізді. Қазалы аудандық мәслихаттағы фракция мүшесі Нұркен Ботабаев баспасөз брифингін өткізіп, депутаттық жұмысы жайлы есеп берсе. фракция мүшесі Ардақ Кәдір сайлаушылармен кездесіп, оларды толғандырған проблемалық мәселелердің шешілу жолдарын талқылады.

Жаңақорған аудандық мәслихатындағы фракция мүшесі Лаура Бибасарова партияның «Ұлттық мұра» жобасы аясында аудандық агроколледж студенттеріне аудандық тарихи-өлкетану мұражайына саяхат ұйымдастырды.

Жоба аясындағы меморандум

Партияның облыстық филиалы жанындағы «Жастар рухы» ЖҚ  «Жастарға жұмыс» партиялық жобасы аясында қалады «VERTEX school» бағдарламалау мектебімен өзара ынтымақтастық туралы меморандумға  қол қойды.

Меморандум аясында енді «VERTEX school» мамандары облыстағы жоғары және арнаулы оқу орындарында ІТ бағытында тегін мастер класстар мен семинар-тренингтер ұйымдастыратын болады.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<