АПТА АҒЫМЫНДА

13

0

«ҚАРЫЗСЫЗ ҚОҒАМ»: ҚЫЗЫЛОРДАЛЫҚ КОМАНДА ҮЗДІКТЕР ҚАТАРЫНДА

Жұмыс аптасында «AMANAT» партиясы алаңында «Қарызсыз қоғам» жобасының жүзеге асу барысы қорытындыланды. Үш жыл қатарынан халықтың қаржылық сауатын арттыру және азаматтардың несие жүктемесін азайту бағытында жұмыс жасап келе жатқан жобаның бүгін 2025 жылғы қорытындысы жасалып, онда қызылордалық команда үздіктер қатарынан көрінді.

Атап өту керек, жоба тұтас ел аумағында жүзеге асты. Биыл 860 мыңға жуық азамат оқудан өтіп, оларға кәсіби көмек көрсетілді. Оның 39 167-сі Сыр өңірі командасының жүйелі жұмысы нәтижесінде жүзеге асты.

Елордада өткен іс-шара барысында жұмыс көрсеткіштері нәтижесімен Қызылорда облысының командасы үздік бестіктен танылып, жиынға қатысқан облыс әкімінің орынбасары Ардақ Зебешовке «Қарызсыз қоғам» жобасының аймақтық командасына берілген марапат табысталды.

«AMANAT»: САЙЛАУАЛДЫ БАҒДАРЛАМА НӘТИЖЕ БЕРУДЕ

Жұмыс аптасында «AMANAT» партиясының сайлауалды бағдарламасы аясында Арал ауданына қарасты Ерімбетжаға және Тоқабай елді мекендері ауыз су желісіне қосылса, Қазалы ауданының Шәкен ауылы да ауыз суға қосылып, Майдакөл ауылындағы жаңадан салынған 100 орындық клубтың ашылу рәсімі өтті.

Сондай-ақ Шиелі ауданына қарасты №21 бекет және Жансейіт елді мекендері табиғи газға қосылды.

Салтанатты шараға облыстық мәслихат төрағасы Мұрат Тлеумбетов, облыс әкімінің орынбасары, ҚР Президентінің «Байқоңыр» кешеніндегі арнаулы өкілі Қайрат Нұртай, зиялы қауым өкілдері мен тұрғындар қатысты.

ПАРТИЯЛЫҚ БАҚЫЛАУ КОМИССИЯСЫ ОТЫРЫСЫНДА «АУЫЛ АМАНАТЫ» ЖОБАСЫНЫҢ ЖҮЗЕГЕ АСУЫ ТАЛҚЫЛАНДЫ

«AMANAT» партиясы Қызылорда облыстық филиалының төрағасы Жандос Базартайдың қатысуымен партиялық бақылау комиссиясының отырысы өтті. Онда Мемлекет басшысының Жолдауынан туындайтын міндеттер мен партияның «Ауыл аманаты» жобасы аясында өңірде атқарылып жатқан жұмыстар талқыланып, комиссиясының 2025 жылғы қызметі қорытындыланды. Сондай-ақ, 2026 жылға арналған жұмыс жоспары пысықталды.

ТӨРАҒА «АУЫЛ ӘКІМДЕРІ: ЖАУАПКЕРШІЛІК ЖӘНЕ КӨШБАСШЫЛЫҚ» ТАҚЫРЫБЫНДА ДӘРІС ОҚЫДЫ

Партияның облыстық филиалының төрағасы Жандос Базартай Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының облыстық филиалы базасында ауыл әкімдерімен кездесіп, «Ауыл әкімдері: жауапкершілік және көшбасшылық» тақырыбында дәріс оқыды.

Іс-шара барысында ауыл әкімдерінің қызметіндегі жауапкершілік деңгейі, тиімді басқару принциптері, көшбасшылық қасиеттерді дамыту тетіктері, халықпен кері байланысты нығайту жолдары, сондай-ақ жергілікті атқарушы органдар жұмысының сапасын арттыруға бағытталған негізгі басымдықтар кеңінен түсіндірілді.

ТӘУЕЛСІЗДІК – БІРЛІК ПЕН ЖАУАПКЕРШІЛІК!

«AMANAT» партиясының Қызылорда қалалық филиалында 16 желтоқсан – Тәуелсіздік күніне арналған салтанатты шара өтті. Іс-шараға партияның облыстық филиалының төрағасы Жандос Базартай қатысып, партияластарды ұлтты ұйыстырған, бірлікті бекемдеген атаулы мерекемен құттықтады.

Жиын барысында партия қатарына жаңадан қабылданған азаматтарға партиялық билеттер салтанатты түрде табысталды. Сонымен қатар қалалық филиалдың бастауыш партия ұйымдарында белсенді еңбек етіп жүрген және қоғамдық-саяси жұмыстарға елеулі үлес қосқан партия мүшелері марапатталды.

КӨШПЕЛІ ОТЫРЫСТА КЕЛЕЛІ МӘСЕЛЕ СӨЗ БОЛДЫ

Петропавлда «AMANAT» партиясы жанындағы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі республикалық кеңестің көшпелі отырысы өтті. жол картасын іске асыру және сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар талқыланды

Жиын мемлекеттік сектордағы ашықтықты күшейту және қоғамдық бақылау тетіктерін дамыту мәселелеріне арналды.

Оған өңірден партияның облыстық филиалының атқарушы хатшысы Ләйлә Төрешова, облыстық филиал жанындағы аймақтық кеңес төрағасы Мақсұт Нәлібаев, партиялық бақылау инспекторы Алтынбек Жарылқасынов қатысты.

“AMANAT»: МӘСЛИХАТ ДЕПУТАТТАРЫНЫҢ БЮДЖЕТТІК ҚҰЗЫРЕТТЕРІН АРТТЫРУ БОЙЫНША ОҚЫТУ ҰЙЫМДАСТЫРЫЛДЫ

«AMANAT» партиясының Саяси менеджмент академиясы «Барлық деңгейдегі мәслихат депутаттарының бюджет процесіндегі рөлі» тақырыбында тағылымды оқыту семинарын ұйымдастырды. Оқыту барысында депутаттардың бюджеттік саясаттағы құзыреттерін арттыру, жергілікті бюджетті жоспарлау, қарау және бекіту кезіндегі рөлін күшейту мәселелері пысықталды.

Сабақты облыстық мәслихаттағы «AMANAT» партиясы депутаттық фракциясының мүшесі, Экономика, әлеуметтік және құқықтық мәселелер жөніндегі тұрақты комиссияның төрағасы Балжан Шәменова жүргізіп, бюджеттік процестің өзекті тұстарына жан-жақты тоқталды.

«ТАЗА БЕЙСЕНБІ»: ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ САЛАСЫНЫҢ ӨКІЛДЕРІ ТАЗАЛЫҚ АКЦИЯСЫНА АТСАЛЫСТЫ

Мемлекет басшысының «Таза Қазақстан» жалпыұлттық бастамасы аясында «Таза бейсенбі» акциясы жалғасуда.

Аптада «AMANAT» партиясы Байқоңыр филиалының ұйымдастыруымен Байқоңыр қалалық көпбейінді аурухананың аумағы тазартылды.

Игі іске «Денсаулық» БПҰ мүшелері, қоғам белсенділері мен жастар, жалпы 40-ға жуық азамат үлес қосты. Экологиялық акция барысында 100 метр жер аумағы тазартылып, 11 қап қоқыс жиналды.

ТҰРҒЫНДАР ТІЛЕГІ ТЫҢДАЛДЫ

Жұмыс аптасында партияның облыстық филиалының төрағасы Жандос Базартай, облыс әкімі Бахыт Жаханов, облыстық мәслихаттағы «AMANAT» партиясы фракциясының мүшесі Бақдәулет Махашов, облыс бойынша экология департаментінің басшысы Нұржан Өмірсерікұлы кестеге сай партия алаңында азаматтарды жеке мәселелері бойынша қабылдау өткізді.

Қабылдауларға 28 азамат өтінішпен келіп, олардың 15 оң шешімін тапты. 7 мәселе бойынша кеңестер беріліп, 6 өтініштің орындалуы бақылауға алынды.