Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі «Егемен Қазақстан» ұжымына автокөлік сыйлады

748

0

Бүгін «Егемен Қазақстан» газетінің ғимаратында Ақпарат және қоғамдық даму министрі Аида Балаеваның қатысуымен зиялы қауым өкілдері Президент Жолдауын талқылады. Жиыннан соң министр «Егемен Қазақстан» газеті ұжымымен кездесті, деп хабарлайды Egemen.kz.

Аида Балаева ұжымның жұмысына жоғары баға беріп, бас басылымды мұқият қарап отыратынын атап өтті. 

 «Жұмыс күніміз бас басылымға шолудан басталады. Еліміздегі аптаның әр күнінде шығатын бірден-бір газеттің мазмұны да өте терең. Жақсы мақалаларды өзіме түртіп қоямын. Әлеуметтік желілерде де «Егемен Қазақстанның» материалдарын жиі бөлісіп жүремін. Оның ішінде, Абай атамыздың 175 жылдығына арналған мақалаларда керемет ойлар айтылып жүр. Бас газет қазір қоғамдағы түйткілді тақырыптарды қозғап, талай мәселенің басын ашып отыр», деді министр.

  Кездесу барысында Аида Балаева еліміздің жүзжылдық жылнамасы – бас басылымның ақпарат айдынындағы қызметіне жоғары баға беріп, «Егемен Қазақстан» газетінің ұжымына автокөлік тарту етті. 

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<