Ақпараттың өзектілігі басты назарда

378

0

Бүгін республикалық ақпараттық-түсіндірме топ мүшелерінің қатысуымен облыс орталығындағы Достық үйінде кездесу өтті. ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Дін істері комитетінің арнайы жобасы аясында өткен басқосу қоғамның дәстүрлі, мәдени және отбасылық құндылықтарын нығайтуға бағытталған.

Аталған кездесуге РАТТ мүшесі А.Шағырбай  Алматы облысынан арнайы келіп, өңірдегі ақпараттық-түсіндірме жұмыстарының өзектілігі, әлеуметтік желідегі ақпараттарға сыни көзқараспен қарау және жастарға әлеуметтік желіде акпарат ұсынудың жүйелілігі жайында тарқатып айтты.

Аталған шарада орталықтың теолог маманы, РАТТ мүшесі Б.Оспанов әлеуметтік желінің жастар арасында негізгі күшке айналғанын алға тарта отырып, ақпарат ұсынуда түрлі платформалардың тиімді тұстарын жиі пайдалануды ұсынды.

Жиын ұсыныстар және пікір алмасумен жалғасты.

Дін мәселелерін зерттеу орталығы

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<