Ақпараттың өзектілігі басты назарда

835

0

Бүгін республикалық ақпараттық-түсіндірме топ мүшелерінің қатысуымен қаламыздағы Достық үйінде кездесу өтті. ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Дін істері комитетінің арнайы жобасы аясында өткен бас қосу қоғамның дәстүрлі, мәдени және отбасылық құндылықтарын нығайтуға бағытталған.

Аталған кездесуге РАТТ мүшесі А.Шағырбай Алматы облысынан арнайы келіп, өңірдегі ақпараттық-түсіндірме жұмыстарының өзектілігі, әлеуметтік желідегі ақпараттарға сыни көзқараспен қарау және жастарға әлеуметтік желіде акпарат ұсынудың жүйелілігі жайында кеңінен тоқталды.

Аталмыш шарада орталықтың теолог маманы, облыстық АТТ мүшесі Б.Оспанов әлеуметтік желінің жастар арасында негізгі күшке айналғанын алға тарта отырып, ақпарат ұсынуда түрлі платформалардың тиімді тұстарын жиі пайдалануды ұсынды.

Жиын барысы ұсыныстар және пікір алмасумен жалғасты.

Дін мәселелерін зерттеу орталығы

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<