Аралда мұғалімдердің «тәжірибе алаңы» өтті

576

0

Арал ауданындағы «Қамбаш» олимпиадалар және қосымша білім беру орталығында «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығының облыс бойынша филиалы мен Арал аудандық білім бөлімінің ұйымдастыруымен озат тәжірибелі мұғалімдердің «Тәжірибе алаңы» өтті. Оған аталған аудандағы мектептерден 100-ге жуық ұстаз қатысты.

Тәжірибе алаңының бағдарламасында түрлі бағыттар бойынша оқу сағаттары, танымдық ойындар мен тренингтер, сауық кештері, TED конференциясы, дебат және пікірталас жоспарланған.

Шараға «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығының Қызылорда облысы бойынша филиалының білікті тренерлері Серік Құсейінов, Жанар Жұбауова, Маржан Смағұлова қатысып, оқу сағаттарын өткізді. Осылайша, мұғалімдердің кәсіби құзыреттілігін қалыптастыру жағдайында әдістемелік жұмыстарды ұйымдастыру бойынша әдістемелік көмек көрсетті.

Тренерлер өткізген оқу сағаттарында шығармашыл мұғалімдер оқыту мен оқудағы көшбасшылықты және оқушы бойында ХХІ ғасыр дағдылар мен құзыреттіліктті дамытуға бағытталған STEM сабақтың құрылымы, Education Scram тәсілінің негіздерін меңгерді.

Озат тәжірибелі ұстаздардың озық жұмыстарын насихаттап, жаңа форматтағы жұмыстарды ұйымдастырған Арал аудандық білім бөлімімен алдағы уақытта табысты, бірлескен жұмыстар атқаратын боламыз!

Гүлхаят МАХМУТОВА,

 «Өрлеу» БАҰО»  АҚ Қызылорда облысы бойынша

филиалының PR, MM маманы

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<