Ардагерлер бақ сынады

454

0

Бүгін облыстық қоғамдық даму басқармасының «Ерлік — елге мұра, ұрпаққа ұран» патриоттыққа тәрбиелеу бойынша» әлеуметтік жобасы аясында үкіметтік емес ұйымдардың арасында сайыс өтті.

Сондай-ақ, «7 Мамыр – Отан қорғаушылар» күніне орай Отанымызды қорғауда елеулі еңбек еткен үкіметтік емес ұйымдардың жетекшілерінің арасында дойбы және бильярдтан сайыс өтті.

Ұйымдастырылған сайыстың мақсаты – Отанымызды қорғауда елеулі еңбек еткен алдыңғы буын ағалар мен ардагерлерді мерекесімен құттықтау. Қызылорда облысының қоғамдық даму басқармасының азаматтық қоғам институттарымен жұмыс бөлімінің басшысы Бибарыс Елтайұлы, бас маман Сымбат Бимағанбетова ерлігімен елге танылған алдыңғы буын ағалар мен ардагерлерді мерекесімен құттықтап, жылы лебізін білдірді. Сайыс соңында жеңіпаздарды анықтап, дипломдар, алғыс хаттармен және жүлделі сыйлықтармен марапаттады.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<