Қарттар үйіндегі қайырымдылық

341

0

Ислам дініндегі қасиетті айлардың бірі – Рамазанның ерекшелігі сол – күллі мұсылман әлемі бұл кезде отыз күн ораза ұстап, иманын байытып, өз-өзін қанағатқа сабырға тәрбиелейді. Бұл ай – қайырымдылықтың, сабырлылықтың, кешірімділділіктің үлгісі, бір сөзбен айтқанда, рухани тазару  айы. Осы айда ауыз бекіткен жандарға ауызашар беру сауапты істің бірі.

Осындай бастама аясында Жалағаш аудандық мәдениет және өнерді дамыту орталығының ұжымы 22 мамыр күні Қызылорда қаласындағы Қарттар мен мүгедектерге арналған интернат үйінде «Шын жүректен» атты концерттік бағдарлама ұйымдастырып, шара соңында қарияларға ауызашар дастарханын жайды.

Шарада мәдениет және өнерді дамыту орталығының директоры Ғ.Сүлейменов Рамазан айының қадір-қасиеті жайлы айтып, қариялардың көңіліне қуаныш ұялату мақсатындағы ізгі ниетін білдірді.

Қарттарға ұсынылған концерттік бағдарламада көркемөнерпаздар ұжымының А.Жұматай бастаған мың бұралған бишілері «Бастаңғы» биін билесе, Р.Байдулла сынды жезтаңдай әншілеріміз туған жер, Отан, Әке, Ана туралы әндер айтып, көрермен қауымды бір серпілтіп тастады.  Ұлттық өнеріміздің жыр жауһары, дәстүрлі өнерді жалғап жүрген Б.Баймұратов пен шәкірттері  жыр-термелер орындап, тыңдармандардың ыстық ықыласына бөленіп, ақсақалдардың батасын алды.

Өнерді дамыту орталығының өрелі істері алдағы уақытта да жалғасын таба бермек.

                                                                                Ғазиза ӘБІЛДА.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<