Арыста мобильді ХҚО жұмысы ұйымдастырылды

280

0

 Арыс қаласына қайтып келген тұрғындар үшін мемлекеттік қызметтердің дер кезінде көрсетілуін қамтамасыз ету үшін мобильді ХҚО-лар жұмысы ұйымдастырылды. Бұл туралы ҚазАқпарат «Азаматтарға арналған үкіметке» сілтеме жасап хабарлайды.
«Мемлекеттік қызметтердің көрсетілуін Арыста 5 мобильді ХҚО қамтамасыз етеді. Бұл мақсатта ХҚО мамандарымен қатар жылжымайтын мүлікті тіркеу, әлеуметтік қамсыздандыру, жер кадастры мен мүлікті техникалық бақылау бөлімдерінің жұмыскерлері жұмылдырылып отыр. Сондай-ақ, халықты құжаттандыру (жеке бас куәлігін, паспортты рәсімдеу) үшін Түркістан облысының миграциялық полиция қызметкерлері тартылатын болады», – делінген хабарламада.
Бүгінде Арыс қаласындағы ХҚО ғимаратын қалпына келтіру жұмыстары басталды. Алдын ала жасалған жоспар бойынша Халыққа қызмет көрсету орталығы жөндеуден кейін 2 шілдеден бастап жұмыс істейді деп күтілуде.   

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<